Пациентті асқазан және он екі елі ішектің рентгенологиялық зерттеуіне дайындау Өзіңізді науқаспен таныстырыңыз, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз. Пациенттің осы зерттеуге келісім бергендігін тексеріңіз.
Зерттеуден 3 күн бұрын газ түзілуін болдырмайтын диета тағайындаңыз (көкөністер, жемістер, сүт, ашытқы өнімдері, қара нан, жеміс шырындарын қабылдауға болмайды), рұқсат етілген тағамдар: желе, ботқа, сорпа, омлет, балық, қайнатылған ет.
Іштің метеоризмі кезінде 3 күн ішінде түймедақ отварын тағайындайды (1 ас қасық : стакан қайнаған суға) немесе майлы іш жүргізетін дәрілер қолданылады.
Іш қатуға бейімділік болса: сағат 20.00-де бөлме температурасында 2 сағат аралықпен 1,5 литр судың 2 тазартқыш клизмасын салыңыз, зерттеуден 2 сағат бұрын таңертең - дәл осылай 2 тазарту клизмалары 1 сағат аралығымен қолданылады.
Зерттеуден бір күн бұрын кешкі 19.00-ден асырмай кешкі ас қабылдау қажет, пациентке процедіра аш қарынға жүретіндігін ескерту қажет.
Науқасты белгіленген уақытта рентген бөлмесіне апарыңыз.
Рентгеноконтрасттық зат ретінде барий сульфаты қолданылады, оны пациент процедура алдында пероральды қабылдайды.