«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ



бет96/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143
Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз(30минутқа), бірақ та тәулігіне 2-3 реттен кем емес.
ХІ. ҚУықты катетерлеу
Әйелдердің қуығын катетерлеу


Мақсаты: Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін,дәрет ыдысын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жайманы, шымылдықты, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты шымылдықпен оңашалаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ашып жатқызыңыз.
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жайманы төсеңіз. Дәрет ыдысын беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашып тұрып, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.
Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.
Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.
Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.
Сол қолмен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.
Катетердің бос ұшын дәрет ыдысына салыңыз.
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз.Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымызәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет