Зікір (арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) – сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады.
Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю.
Тілмен айтылатын зікір, яғни “лисан-и зикр” – Алла сөзін немесе “Лә иллаҺа иллаллаҺ” тіркесін қайталап айтудан тұрады. Тариқатта сопылар жиналып, шейҺ немесе пірлердің бақылауында “АллаҺ-АллаҺ”, сияқты тіркестерді белгілі бір жүйемен қайталап отырады.
Зікір дауыстап айтылатын “жаҺри зикр”, үнсіз салынатын “Һафи зикр” болып та бөлінеді;
Лә иләһә иллә Аллаһ, Мұхаммәдур расулАллаһ
Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) - Аллаһтың елшісі.
Аллаһ әрбір кемшіліктен пәк және барлық мақтау Аллаһға тән Аллаһдан басқа ешбір тәңір жоқ әрі Ол ұлық жоғары ұлы дәрежелі Аллаһдан басқа ешбір күш-қуат жоқ Аллаһның қалағаны болады қаламағаны болмайды
Аллаһдан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік беремін Ол Аллаһ жалғыз-ақ Оның ортағы жоқ иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән тірілтеді ле өлтіреді игілік Оның еркінде әрі Оның әр нәрсеге күші толық жетеді
Аллаһ тағаладан әдейіге немесе жаңылып көмес не көрнеу істеген күнәларыма жарылқану тілеймін жарылқану тілеймін жарылқану тілеймін білер-білмес кінәларыма тәубе еттім көмескі жағдайларды сен өте анық білесің
Иә, Аллаһ шынында мен саған біле тұра бір нәрсені ортақ қосудан өзіңе сиынамын білмегендерім үшін өзіңнен жарылқану тілеймін көмескі жағдайларды сен өте анық білесің