Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!



бет2/5
Дата01.03.2023
өлшемі66,84 Kb.
#70868
1   2   3   4   5
Байланысты:
рамазан күнделігі 2020

Намаз түрлері.
Парыз , сүннет, уәджіп болып бөлінеді.

Парыз намаздар:



  1. Таң намазы

  2. Бесін намазы

  3. Екінті намазы

  4. Ақшам намазы

  5. Құптан намазы

Уәджіп намаздар:


Үтір намазы және т.б.

Сүннет намаздары (бекітілген және бекітілмеген болып екіге бөлінеді):



  1. Нәпіл намаз (бекітілген уақыты бар)

  2. Нәпіл намаздары (бекітілмеген яғни сауат жинау мақсатында оқылады)

  3. Әбәууин намазы

  4. Духа намазы

  5. Қажет намазы

  6. Тәубе намазы

  7. Истихара намазы

  8. Тасбих намазы

  9. Тарауих намазы және т.б.



Хадис деген не?
Хадис (араб.: حديث‎), көпше: ахадис. Жаңалық, хабар, әңгіме) — мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын, Мұхаммедтің ﷺ сөзі мен істерін дәріптейтін аңыз-әңгімелер. Хадис - Құраннан кейін екінші құқықтық құжат.
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сөзі мен істеріне негізделген мұсылман қауымының әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын ғибрат сөздер, әңгімелер.

Рамазан айында жаттауға ұсынылатын хадистер :


1. Әбу Һурайра Абдуррахман ибн Сахрдан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шын мәнінде,
Аллаһ тағала сендердің сыртқы дене-бітімдеріңе не
түр-тұрпаттарыңа емес, жүректерің мен амалдарыңа
қарайды»,– делінген (Муслим, бирр 33).


2. Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарлар Сардары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ тағала қандай да бір құлының (дәм-тұзы
таусылып), шыбын жаны алқымына келіп тірелмейінше
жасаған тәубесін қабыл етеді», – деп айтты», – делінген
(Тирмизи, дағауат 98)..
3. Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер Аллаһ
тағала құлына жақсылық қаласа, күнәларының жазасын
дереу осы дүниеде береді. Ал егер құлына жамандық
қаласа, қиямет күні күнәларының жазасын толық беру
үшін кейінге қалдырады»,– делінген (Тирмизи, зуһд 57).


4. Ибн Масғуд (р.а.):
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында,
шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді.
Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына
айналдырса, Аллаһтың құзырында турашыл деп жазылады. Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа
жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға
әуестенсе, ақырында, Аллаһтың құзырында өтірікші
кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген (Бұхари, әдәб
69; Муслим, бирр 103).


5. Омар (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер Аллаһқа шынайы түрде тәуекел ете білсеңдер,
Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып
шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды
ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», – деп
айтқанын естідім», – деген (Тирмизи, зуһд 33).


6. Ибн Аббас (р.а.):
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдардың
көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығмет бар –
денсаулық пен бос уақыт», – деп айтты» – деген.
(Бұхари,риқақ 1).


7. Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қабірге дейін
мәйіттің соңынан үш нәрсе еріп барады: жақындары,
дүние-мүлкі және амалы. Бұлардың екеуі кері қайтып,
біреуі өзімен бірге қалады. Жақындары мен дүниемүлкі оны тастап кері қайтады да, амалы онымен бірге
қалады», – деп айтты» – делінген.
(Бұхари, риқақ 42; Муслим,зуһд 5).
8. Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жарты
құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан
сақтаныңдар», – деп айтты» – делінген (Бұхари, зәкәт 10;
Муслим, зәкәт 67-70).


9. Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансариден (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімдекім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол
істі істегеннің сауабындай сауап алады», – деп айтты»
делінген (Муслим, имара 133).


10. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Екі жүзді
адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады; уәде
берсе, орындамайды; аманатқа қиянат жасайды», – деп
айтты» – делінген (Бұхари, иман 24; Муслим, иман 107).


11. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынайы
мұсылман – тілімен және қолымен өзге мұсылман бауырларына зиянын тигізбеген адам. Ал нағыз муһажыр
– Аллаһ тағаланың тыйым салғандарын түгелдей тәрк
еткен адам», – деп айтты» – делінген .
(Бұхари, иман 4; Муслим,иман 64).


12. Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.):
«Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдарға
мейірімділік танытпағанды Аллаһ тағала мейіріміне
бөлемейді», – деп айтты», – деген.
(Бұхари, әдәб 18; Муслим,фадаил 66).


13. Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ешбірің
өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше,
толық иман еткен болып саналмайды», – деп айтты» –
делінген.(Бұхари, иман 7; Муслим, иман 71).


14. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иман тұрғысынан
мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар.
Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста
болғандарың», – деп айтты» – делінген (Тирмизи, рада 11).


15. «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бұл дүние (мен
оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген.
Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел»,
деп айтты» – делінген (Муслим, рада 64).


16. Әбу Шурәйх әл-Хузаиден (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім
Аллаһқа және ақыретке сенсе, көршісіне жақсылық
жасасын. Кімде-кім Аллаһқа және ақыретке сенсе,
қонағын сыйлап, күтсін. Сондай-ақ, кімде-кім Аллаһқа
және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын
немесе үндемесін», – деп айтты» (Муслим, иман 77).


17. Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.):
«Бірде Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді?» –
деп сұрадым. Ол: «Уақытылы оқылған намазды» – деді.
Мен тағы: «Одан кейін ше?» – деп сұрағанымда: «Атаананы құрметтеуді», – деді. Мен үшінші рет: «Одан
кейін ше?» – дегенімде, «Аллаһ жолындағы күресті», –
деп жауап берді», – деген.(Бұхари, әдәб 1; Муслим, иман 137).


18. Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кішілерімізге
мейірімділік танытпаған және үлкендерімізді
құрметтемеген адам бізден58 емес», – деп айтты» –
делінген (Әбу Дәуіт, әдәб 58; Тирмизи, бирр 15).


19. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жанымды уысында ұстаған Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер
толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсыңдар.
Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға
келмейсіңдер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық
сұрасуды кеңінен жайыңдар», – деп айтты» – делінген
(Муслим, иман 93-94).


20. Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, кәпір
қандай да бір жақсылық жасаса, оның зейнетін осы
дүниеде көреді. Ал мүміннің жасаған жақсылықтарынан
болған сауаптарын Аллаһ тағала ақыретке сақтайды.
Әрі осы дүниеде де жасаған құлшылықтары үшін
ризық-несібесін береді», – деп айтты» – делінген.
(Муслим,сыфатул-мунафиқин 57).


21. Әнәс (р.а.):
«Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағала:
«Ей, адам баласы! Маған дұға етіп, Менің рақымымнан
үмітіңді үзбегенше, күнәларың қаншалықты көп болса
да, ешбірін елемей кешіре беремін. Ей, адам баласы!
Егер аспандағы бұлтқа жететіндей күнәға батып, Менен
кешірім тілесең, жарылқап кешіремін. Ей, адам баласы! Маған еш серік қоспастан алдыма таудай күнәмен
келсең, дәл сондай таудай кешіріммен қарсы аламын»,

  • деп айтты» – дегенін естідім», – деген.

(Тирмизи, дағауат 98).


22. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Нағыз байлық
– дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан
сарайының байлығы»,94 – деп айтты» – делінген.
(Бұхари,риқақ 15; Муслим, зәкәт 130).


23. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.):
«Бір адам Аллаһ елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Исламдағы ең игі іс қандай?» – деп сұрағанда, ол:
Қарны аш адамды тамақтандыруың және танысаң да,
танымасаң да жолыққан адамдарға сәлем беруің», – деп
жауап берді», – деген (Бұхари, иман 6; Муслим, иман 63).


24. Әбу Һурайра (р.а.):
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «(Жалған
дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе
алыңдар», – деп айтты», – деген (Тирмизи, зүһд 4).


25. Әбу Һурайра (р.а.):
«Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ешбірің өзіне
өлім тілемесін. Егер ол ізгі амалдар істейтін салиқалы
жан болса, мүмкін, сауабын көбейтіп алар. Ал, егер
күнәкәр болса, бәлкім, тәубесіне келіп, Аллаһтың
разылығына бөленер», – деп айтты», – деген.
(Бұхари,тәмәнни 6; Муслим, зикр 10).


26. Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм): «Садақа дүниені кемітпейді. Аллаһ тағала
өзгелерге кешірімді болған құлының абыройын өсіреді.
Сондай-ақ, Аллаһ үшін кішіпейіл болғанның дәрежесін
көтереді», – деп айтты», – деген (Муслим, бирр 69).


27. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні
Аллаһ тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді. Оларды
күнәларынан тазартпайды және оларға мейіріммен
қарамайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады. Олар: зинақор шал, кәззап патша және тәкаппар
кедей», – деп айтты» – делінген (Муслим, иман 172).


28. Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм): «Расында, мүмін бойындағы көркем мінезі арқылы
күндіз ораза ұстап, түнде намаз107 оқитын адамның
дәрежесіне жетеді», – деп айтқанын естідім», – деген
(Әбу Дәуіт, әдәб 7).


29. Бәра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм): «Екі мұсылман кездескенде, емен-жарқын
бір-біріне қол беріп, амандық-саулық сұрасса, қош айтыспай тұрып екеуінің де күнәлары кешіріледі», – деп
айтты (Әбу Дәуіт, әдәб 143).


30. Әбу Үмәма (р.а.):
«Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құран
оқыңдар, өйткені Құран қиямет күні (Құран) оқығандарға
шапағатшы болады», – деп айтқанын естідім», – деген.
(Муслим, салатүл-мусафирин 252).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет