«Сөз құдіреті» үйірмесінің
базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат)
Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Мәшһүр Жүсіп поэзиясы (14 сағат)
Көзі тірісінде өз бағасын ала алмай кеткен асқан ақын, ғұлама, дінтанушы, киелі қазақтың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Заманына қарай амалы», «Ақылдың пайдасы», «Сарыбас мерген» т.б. ертегілері. Мәшһүр Жүсіптің «Нұх пайғамбар мен бір кемпір», «Құдайды қолдан жасаушылар әлегі» атты аңыз әңгімелері. «Қазыбектің алғаш көзге түсуі», «Абылай хан сауалы» т.б. шешендік өрнектері. Азаттық, тәуелсіздік, халық теңдігі туралы жазған өлеңдері.
Сұлтанмахмұт поэзиясы (9 сағат)
Сұлтанмахмұттың ағартушы – гуманистік идеясы.Ақын поэзиясындағы азаматтық сарын, еліне деген сүйіспеншілік. Поэмалары мен романдарында көтерілген әлеуметтік теңсіздік мәселесі,ескі-салт сана, діни қараңғылық халықтың арман-тілегі тұрғысында әшкерелене суреттелуі.
Иса поэзиясы (8 сағат)
Әдебиет зерттеуші ғалымдардың, журналистердің, өнер ардагерлерінің және басқаларының халқымыздың аса талантты ақыны Иса Байзақовтың телегей теңіз суырып салмалық керемет өнері жайында, оның жазып қалдырған әдеби мұралары туралы жазған ғылыми-зерттеу мақалаларымен, әдеби сындарымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары.
Аманжол поэзиясы (12 сағат)
Атақты ақын, драматург, аудармашы Аманжол Шамкенов шығармашылығы.
Туған жерге арналған өлеңдері, аудармалары. «Дала аңызы» драмалық поэмасы.
Мұзафар поэзиясы (7 сағат)
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Махаббат лирикасы. Ақынның Ұлы Отан соғысы туралы жазған өлеңдері.
Қалижан поэзиясы (7 сағат)
Қалижан Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Ақынның өлеңдері мен поэмалары.
Мүбәрак поэзиясы (6 сағат)
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы. Ақынның өлеңдері. «Аштық зардабы» атты дастаны.
Достарыңызбен бөлісу: |