Қымбатты оқушылар!Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек-Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.Бүгін барлық мектептерде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, барлық ата-аналарды ұстаздар мен оқушыларды білім күні мейрамымен жәнеҚазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен құттықтаймыз. Және де биылғы оқу жылы ұстаздар мен оқушыларға сәтті болуына тілектеспін.