С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротех ни­



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі1,15 Mb.
#8039

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротех ни­

калық  университетінің  әскери  кафедрасына 

Үндістанның Нью­Дели қаласынан полковник 

Тапа  Анил  Кумар  бастаған  кел ген  делегация 

келді. Олар елімізге Қазақ стандағы жоғары оқу 

орындардың  әскери  кафедраларындағы  офи­

церлер мен студент тердің біліктіліктерін артты­

ру  бойынша  ықпалдастық  орнатып,  тәжірибе 

алмасу мақсатында сапар шекті. 

Әскери  делегация  Үндістанның  Ұлттық  Кадет  корпусы-

нан  келді.  Шетелдік  меймандар  Ұлттық  Кадет  корпусы  мен 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  ара сындағы  жасалған 

келісімшарт  негізінде  елімізге  келіп  отыр.  С.Сейфуллин 

атын дағы  ҚазАТУ  мен  Үндістанның  ҰКК-сы  арасында  ық-

палдастық 2009 жылы бас талғанын айта кету керек.

 Басы. Жалғасы 2-бетте.

 1967 жылдың  6 сәуірінен бастап шығады       e­mail: agunkatu@gmail.com        www.agun.kz         № 15 (2090) 18 наурыз 2011 жыл

О  баста  адам  өзін  қоршаған  ортамен 

қарым-қатынасы  негізінде  туындаған 

халықтық  салт  -  дәстүрлер,  діни  әдет-

ғұрыптар,  маусымдық  мерекелер  және 

отбасылық той-томалақтар деп үш топқа 

бөлінеді.  Діни  әдет-ғұрыптарға  өте  ер-

теден  қалыптасқан  түрлі  ырым,  наным-

сенімдермен  бірге  зороастр,  будда,  ша-

ман, ислам діндерінен енген рәсімдер жа-

тады. Ал маусымдық мерекелерге жалпы 

халықтық тойлар – жыл басы тойы – На-

урыз,  жаз  тойы  –  Қымызмұрындық,  күз 

мейрамы  –  Мизам  (шопандар  тойы  мен 

сабантой), қыс тойы – Соғым  енеді. Сон-

дай -ақ, биебау, тулақшашар, шашыратқы, 

сіргетағар,  сіргежияр,  қоныс  тойы, 

күйек  байлау,  күйек  шешу,  жүн  қырқар 

т.  б.  кәсіптік  мейрамдар  да  маусымдық 

мерекеге  саналады.  Ал  отбасылық 

тойтомалақтарға  келсек,  үйлену  тойы 

(құда  түсу,  жаушы  жіберу,  қыз  таңдау, 

қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік-төр 

көрсету,  қынаменде,  жар-жар,  беташар, 



Халқымыздың ежелден желісі 

үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері 

мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени 

және адамгершілік дүниеміздегі 

қымбат қазыналарымыздың бірі. 

ҚұрмеТТі әріпТеСТер меН СТуДеНТТер ҚАуымы!

Сіздерді  сән-салтанаты  ерекше  Ұлыстың  Ұлы  күні  –  Наурыз  мейрамымен  шын  жүректен  құт-

тықтаймын! Егемен ел еңсесіне айналған жаңа күн, жаңа жыл – Ұлыс күні еліміз үшін ынтымағы берік, 

әлеуметіне әлеуеті серік, абыройлы да, ізгілігі мол жылдың бастамасы болатыны һақ!  

Осынау қуаныш пен шаттыққа толы Наурыз мерекесінде Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор 

денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!

 Ізгі ниетпен,  Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы   

қыз ұзату, келін түсіру, неке қию, отауға 

түсіру, отқа май құю, өлітірі т. б.), құрсақ 

шашу,  қырқынан  шығару,  ат  қойып,  ай-

дар  тағу,  тұсау  кесер,  тілашар,  сүндет 

тойы,  мүшел  тойы,  сапар  тойы,  жерлеу 

салттары  (қара  тігу,  аза  тұту,  жаназа 

шығару, жоқтау, тұлдау, ас беру т. б.) осы 

топқа кіреді.

Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен 

бастап  қартайып  дүниеден  өткенге 

дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным-

сенімі,  та ным-түсінігі,  қоғамдық  даму 

барысындағы  із деністері  жинақталған 

салт-дәстүрлер аясында болады.

«Халқым  қандай  десең,  салтымнан 

сынап  біл»  демекші,  салт-дәстүрлерден 

этностың  мінез-құлқы,  үлгі-өнегесі, 

зейін-зердесі,  да на лығы  мен  даралығы, 

шешендігі  мен  тап қырлығы,  ақыл-ойы, 

сондай-ақ, жаратушы мен жаратылысқа, 

өзін  қоршаған  жанды,  жан сыз  әлемге 

деген  моральдық,  танымдық,  эти калық 

көзқарастары  көрінеді.  Яғни,  салт-дәс-

түр дегеніміз — халықтың рухани өзегі, 

мәде ниетінің діңгегі, тілінің тірегі.



әзірлеген Гүлбаршын 

Нұрмұхамбетова. Экономика 

факультетінің 1 курс студенті

ТАНымДыҚ  КезДеСу

ТАНымДыҚ  КезДеСу

e­mail: agun katu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

2

Жалғасы. Басы 1-бетте.

Қонақтар  алдымен  университеттің  әкім-

шілігімен кездесіп, Үнді Ұлттық кадет кор-

пусы  мен  университеттің  әскери  кафедра-

сы  арасындағы  ынтымақтастық  мәселесін 

талқылады.  Делегация  өкілдері  уни вер-

ситеттің  мұражайын  аралап,  50  жыл дан 

астам  тарихы  бар  білім  меке ме сінің  тари-

хынан  сыр  шертетін  құнды  жәдігерлермен 

танысты. Кадеттер одан кейін білім 

ордасының  әскери  кафедрасында 

болып, олардың әскери техникалары 

мен  жауынгерлік  әзірліктерін  тама-

шалады. 

Шетелдік  меймандардың  Қазақ-

стан ға  келген  сапары  шығыс  ха-

лықтары ның ұлы мерекесі – Наурыз 

мейрамымен тұспа-тұс келгені тама-

ша  болды.  С.Сейфуллин  атындағы 

ҚазАТУ  ұжымы  ұлық  мейрамды 

мерекелеуді бастап та кетті. Әр фа-

культет  өз  алдына  бір  ауыл  ретінде 

наурыз  тойын  тойлауда.  Қазақ 

халқының  салт-дәстүрі  мен  ұлттық 

әдет-ғұрпын  паш  еткен  сахналық 

көріністер ұйымдастырып, мерекелік 

дастархан жайды. Қай кезде  де қо-

нақ жайлылық  қасиетінен  таймаған 

қазақ жұртшылығы үнділік қонақтарға ерек-

ше ықылас көрсетіп, наурыз мейрамын бірге 

тойлап, мерекелік думанның бел ортасында 

жүріп,  ұлтымыздың  пейілі  мен  ықыласын 

сезінулеріне мүмкіндік жасады. Ең бастысы 

–  қазақ  халқының  мәдени  құндылықтарын 

көрсете білді. Ұлттық тағам – наурыз көже 

мен қымыз ішіп, қазы-қартадан дәм тартқан 

меймандардың қуанышы шексіз болды. 



ТАНымДыҚ  КезДеСу

–Қазақстан  мәдени  құндылықтарға  өте  бай, 

адамдары  қонақжай  тамаша  ел  екен,-  деді 

полковник  Тапа  Анил  Кумар  мырза.  –  Барша 

шығыс елдерінің жыл басы саналатын наурыз 

мейрамын  қазақ  халқы  қалай  тойлайтынын 

көріп,  куә  болдық.  Бұл  сапар  біз  үшін  тари-

хи  тағылымдық  мәні  зор,  танымдық  сапар 

болды.  Университеттің  әскери  кафедрасында 

сарбаздардың жауын герлік әзірлігі өте жоғары 

деңгейде екен. Сіздерден көптеген мағлұматтар 

алдық.  Елімізге  өзімізбен  бірге  керемет  ес-

теліктер ала кететін болдық.

Делегация  өкілдері  тәжірибе  алмасу  мақ-

сатымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлт-

тық  университетінің  әскери  кафедрасы  мен 

Ш.Уәлиханов  атындағы  Кадет  корпусына  да 

баруды жоспарлап отыр.    



Бақытгүл АБАЙҚызы

Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурызкөжеге су 



қосқаны - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса ке-

рек. «Алдыңғы толқын ағалардың» «кейінгі толқын інілерге» ықпалы 

тарихының  айғағы.  «Сылдырап  өңкей  келісім,  тас  бұлақтың  суындай 

болайық» дегені.



Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген 

қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін 

келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. 

«Құр  бос  жүре  бермей  нәтиженің  дәмін  білейік,  бір-бірімізге  дәмді 

сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.

Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. 

Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың - бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт 

тағамын бақыт несібесі деп білген. 

Құрт қосатын себебі – құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым 

уақытта пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адамдарға қуат береді. Бұл асты - қуаттың көзі болсын, 

ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.

Наурызкөже қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет қосылады. Қазақтың 

табиғаты мал мен біте қайнасқан болса, ет – қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын 

деген мақсатта «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.



Көжеге алтыншы - дәм арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Зерттеушілер, «Арпа ай тұтылған 

кезде  себілетін  болса,  кейін  одан  пісірілген  нан  есі  ауысқандарға  шипа  болады.  Арпа  сеуіп 

жатқан кезде ай дөңгеленіп Зухар жұлдызына қарама-қарсы тұрса, арық-тұрақ мал оңалып, қой 

жинайды. Жылдың жақсы немесе жаман келуі арпаға қарап анықталады. Данышпан қарапайым 

бабаларымыз осыны арқау еткен» дейді. 

Жетінші дән – күріш. Күріш де денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи эле-

менттерге бай дәнді дақыл. Жалпы, Наурызкөжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан 

өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата 

нышаны осы Наурызкөжеде де сайрап тұр.

Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының 

басты көзі Наурызкөже болса керек. 



әзірлеген Ақерке Түлекова, Ақерке Құрметбек, 

Журналистика курсының тыңдаушылары             

А.В.Майер,  Заместитель  пред-

седателя  правления  по  воспита-

тельной  работе  и  социальным 

вопросам.

­ В какой день своей жиз ни  вы 

бы хотели вернуться и что изме­

нить?

- Даже если бы была возможность 

не стал бы возвращаться в прошлое 

и что-то менять.



­ Какое открытие вам хотелось 

бы совершить?

-  Открытия  должны  делать  та-

лантливые личности.

­ Сколько вам нужно денег для 

счастья?

-  Очень  мало,  когда  их  много  – 

это не всегда счастье.

­ Вы когда­нибудь выигрывали 

в лотерею?

-  Такого  случая  я  не  припомню, 

к тому же не отношусь к азартным 

людям.


­ поступок, которым вы горди­

тесь?

- Их было несколько, но больше 

всего горжусь поступками, которые 

принесли пользу людям. 



­  Что  вас  может  вывести  из 

себя?

- Практически это сделать невоз-

можно.

Ваши симпатии и антипатии?



-  Симпатии  вызывают  люди 

скром ные, воспитанные, образован-

ные, трудолюбивые и порядочные. 

Обратную реакцию вызывают дву-

личные,  грубые,  высокомерные  и 

нечистоплотные в большом смысле 

этого слова. 

­ Вы довольны собой?

- Бывает, но очень редко. 



­ Ваш главный враг?

- Я его не вижу. 



­  Какое  послание  вы  бы  оста­

вили другу (любимой, любимому 

или студенту) на автоответчике?

- Стремитесь к цели прямой до-

рогой,  делайте  все  по  совести,  не 

подводите  своих  родных,  думайте 

о  будущем  и  любите  наш  универ-

ситет.


e­mail: agun katu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

3

Бесік  –  қасиетті,    киелі  құтты  мүлік,  сәбидің 



алтын  ұясы  болып  есептеледі.  «Ел  іші  –  алтын 

бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа 

туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі 

дәстүрдің  бірі.  Бесікке  салу  жолы  үлкен  немесе 

елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсы-

рылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жа-

сап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті 

түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған 

адамға  «бесікке  салар»  яғни  кәделі  сый  беріледі. 

Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?

Бесіктің  сәби  денсаулығына,  тазалығына  пайда-

сы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, 

ширақ  болады.  Сондай-ақ  бесік  баланы  кездейсоқ 

құлаған  заттан,  суық  пен  ыстықтан  да  қорғайды. 

Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, 

бүркіт  тұяғы,  жыланның  бас  сүйегі,  кірпі  сияқты 

заттар тағып қояды.

Бесік  ағаштан,  негізінде  талдан  иіп  жасалады. 

Себебі  тал  басқа  ағаштай  емес  йілмелі  морт  сын-

байды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің 

мынадай  құрал-жабдықтары 

болады: жастық, мамық, жөр-

гек,  түбек,  шүмек,  қолдау, 

тартпабау т.б.

әзірлеген  

Қыстың  көбесі  сөгіліп,  тіршілік 

атаулыға  жан  бітіп,  жасарып-жаңара-

тын, табиғат пен жердің көгеріп, көк -

тейтін  шағы.  Қытымыр  қыс тың  қыс-

пағынан  құтылып,  арқа-бас  кеңе йіп, 

мейрам-шаттыққа  кенелген  осынау 

жайдарман  шақта  келіп  жеткен  Жаңа 

жылымыз құтты жыл болсын!

Бұл  мереке  тәуелсіз  елімізде  биыл 

міне,  жиырмасыншы  рет  тойлануда. 

Бірақ,  әр  отбасында  наурыз  әртүрлі 

тойланатыны  хақ.  Осы  орайда  атал-

мыш  мерекені  біздің  ұстаздарымыз 

қалай тойлайды екен деген сұраққа жа-

уап іздеп, олармен сұқбаттасып көрген 

едік.

Алмагүл  Кәкімжанова,  топы рақ­

тану және агрохимия кафедрасы ның 

оқытушысы,  биология  ғылымда­

рының докторы:

-  Біз  22-наурызды  отбасымыз-

бен  үлкен  мән  беріп  тойлаймыз.  Бұл 

күні  үйімізге    алыс-жақыннан  туған-

туысқандарымыз келеді. Жалпы біздің 

үйде Наурызға дайындық 1 күн бұрын 

басталады. Ал, 22-Наурыз күні ертемен 

тұрып,  ет  асып,  Наурыз  көже  пісіріп, 

әртүрлі ұлттық тағамдар дайындаймыз. 

Және  де  көшеде  болатын  мерекелік 

бағдарламаларды  барып  тамашалай-

мыз. Мерекеден келгеннен кейін, үстел 

басына  жиналып,  бір-бірімізге  жылы 

лебіздерімізді  білдіреміз.  Міндетті 

түрде  ұлттық  киім  киеміз.  Кішкентай 

немерелерім  би  билеп,  тақпақ  айтса, 

барлығымыз қосылып, «Наурыз» әнін 

шырқаймыз.  Одан  әрі  қарай    туған-

туысқандарымыздың, достарымыздың 

үйлеріне барып, оларды құттықтаймыз. 

Міне,  осылайша  жаңа  жылымызды 

қарсы аламыз.



Шахислам  Баймұқанов,  өсімдік 

шаруашылығы  кафедрасының  до­

центі:

-  Наурыз  жалпы  біздің  қазақ  хал-

қының ең басты мерекесі болып сана-

латындықтан,  бұл  күні  біздің  отба-

сымызда  да  ұлан-асыр  той  болады. 

Таңмен  бірге  оянып,  барлығымыз 

Наурызға  дайындаламыз.  Қазан-қазан 

ет  асылып,  дәстүрлі  Наурыз  көжеміз 

пісіріліп, дастархан жайылады. Туған-

туысқан,  құрбы-құрдастарымыз  жи-

налып,  ұлттық  киімдерімізді  киіп,  ән 

айтып,  би  билеп,  кішкентайлар  жағы 

тақпақтарын  айтып,  мәз-  мейрам  бо-

ламыз.  Бір-бірімізге  тек  қана  жақсы 

сөздер мен жақсы тілектерімізді айтып, 

Жаңа  жылдан    амандық,  молшылық, 

береке тілейміз.

Бауыржан  әрінов,  өсімдік  ша­

руа шылығы  кафедрасының  до цен­

ті,  ауыл  шаруашылығы  ғылым­

дарының кандидаты:

–  Наурыз  –  ата-бабамыздан  келе 

жат қан  асыл  мұраларымыздың  бірі 

ғой. Күн мен түннің  теңелетін ша ғы, 

жаңа  жылымыздың  бастауы  болған-

дықтан бұл мерекеге үлкен   мән беріп, 

отбасымыз да жақсы ырымдарымызды 

жасап, тек қана жақсылықтар тілейміз. 

Қазақ    өзі  қонақжай  халықпыз  ғой, 

бұл  күні  де  үйге  туған-туысқан,  дос-

жарандарымыз  келіп,  ұлттық  та-

ғамдарымызға толған берекелі дастар-

хан басына жиналамыз. Жақсы тілектер 

айтылып, Жаңа жыл берекесі мен ыры-

сын ала келсін деп тілек тілейміз. 

Сауалнаманы жүргізген 

Назерке Каримова,

Агрономия факультетінің 

2 курс студенті

Шығыс халықтарына 

ортақ үлкен мейрам Наурыз­

бірліктің, татулықтың, 

ізгіліктің, бақыттың 

мерекесі. Көне парсы тілінен 

аударғанда «Жаңа күн» де­

ген мағына беретін Наурыз – 

жыл басы болып саналады. 

«Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

Көгімде күн өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ сүтін көлдетіп,

Ризық-құтын селдетіп,

Келді Наурыз – Ұлыс күн!

Ақбаян Құрбанова,  

ВжмШТ факультетінің  2 курс студенті


e­mail: agun katu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

4

Күллі шығыс мемлекеттерінің жаңа жылы болып  есептелетін әз Наурыз 



мерекесін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жыл 

сайын  үлкен  әзірлікпен  қарсы  алады.  Дәстүрге  айналғандай  университет 

ұжымы ұлық мерекені тойлауды наурыздың 14 күні­ақ бастап кетті. әз Нау­

рызды әр факультет өз алдына бір­бір ауыл ретінде  мерекелеп, ұлттық салт­

дәстүрлеріміз бен әдет­ғұрпымызды көрсетуде өзара сынға түсті. 

Тойды  алдымен Техникалық факуль тет бастап, 

тұсау  кесу  рәсі мін  көрсетті.  Мерекелік  думан 

Компью терлік  жүйелер  және  кәсіптік  білім  бе

 

ру 



факультетінде  жалғасын  тауып,  олар  атас тыру, 

қыз көрсету, қыз ұзату жоралғысын көрсетті. Нау-

рыз мейрамы Сәулет өнері факультетінде жалға-

сып, мұндағы ұжым мерекені  «Армысың, әз Нау-

рыз»  атты  шеберлер  ауылының  жәрмеңкесімен 

бас тады.  Факультет  атына  сай  қазақ  халқының 

мә дени  мұрасын  паш  ететін  қолөнер  шеберле-

рінің  жәдігерлерімен  ерекшеленді.  Жас тар  жағы 

ұлттық  ойын  түрлерінен    сақина  салу,  асық,  то-

ғыз құмалақ  ойындарын көрсетсе, бүлдіршіндер 

тарту еткен «Қара жорға» биі мерекенің ажарын 

келтірді. Келесі күні Наурыз мейрамы Эко номика 

факультетінде жалғасты. Олар келін түсіру салтын 

көрсетсе,  Вете ри нария  және  мал  шаруашылығы 

технологиясы  факультеті  дәрісхананың  ішіне 

ақ  қанатты  кигіз  үй  тігіп,    бесікке    салу  жорал-

ғысын  тарту  етті.  Думанды    Энергетикалық  фа-

культет ұжымы жалғастырып, құдаласу, сырға са-

лу салтын көрсетті. Басшылық тарпынан арнайы 

әділқазылар  мүшесі  сайланған  болатын.  Олар 

барлық  факультеттердің  мерекесін  тамашалаған-

нан  кейін,  дүбірлі  мерекенің  қорытындысын 

шығарып, жеңімпаздарды анықтайтын болады.    

e­mail: agun katu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

5


ұлыС ТОЙ БізГе 

ЖеТКеН ғАСырДАН 

Әмірі ме Алланың берген көктен,

Наурыз бізде жыл басы болған көптен.

Алты Алаш баласының Ұлыс тойы,

Ұмытылмай ғасырлардан бізге жеткен.

Бұл күні күн менен түн теңеледі,

Бар халық қуанышқа кенеледі.

Жібиді Самарқанның қара тасы,

Жер беті гүлге оранып, көгереді.

Ұлан байтақ еліміз қайта түлеп,

Қыр басына шығады барлық түлек.

Ауылдар мен қаланың халықтары,

Наурыз тойын тойлайды енді бөлек.

Араз жандар бірін-бірі кешіріп,

Іште жатқан өкпелерін өшіріп.

Құшақтарын айқара ашып, 

                             түйістіріп төстерін,

Сый құрметін аямайды 

                               мерейлерін өсіріп.

Экология кафедрасы той 

                                 көшінің басында,

Қыз келіншек дастарханның қасында.

Шаңыраққа шақырамыз Сіздерді,

Дәм татуға келіңіздер, 

                        үлкендер мен жасың да.

Наурыз тойы құтты болсын жараңдар,

Болашаққа жарқын жүзбен қараңдар.

Зор денсаулық, бақыт, шаттық тілеймін,

Ұлыс тойдан жан нұрланып

                                қанаттанып тараңдар. 



Ж.Құрманғалиев,

Экология және орман шаруашылығы

кафедрасының аға оқытушысы

e­mail: agun katu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

6

Наурыз -  өте көнеден келе жатқан мей-



рам.  Күні  бүгінге  дейін  жер  шарындағы 

көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына 

айналып отырған бұл мерекенің қашаннан 

бері  тойланып  келе  жатқанын  дөп  ба-

сып  айту  қиын.  Көшпелілердің  байырғы 

астрономиялық  түсінігі  бойынша,  әрбір 

жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа 

(«қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз 

бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», 

«ала  қыстай»  секілді  сөз  оралымдарын 

осы бір түсініктің жаңғырығы десек бола-

ды. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан 

мойын  босап,  жер  бетін  қуаныш,  шаттық 

жайлайтындықтан - «жағымды», ал қыс ай-

ларында суық, аштық, жұт болатындықтан 

- «жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың 

жақсылық  пен  жамандыққа  жан  бітіріп, 

оларды  адам  бейнесінде  айтыстырып, 

күрестіргені  туралы  қызықты  мәліметтер 

көне  жазбаларда  көптеп  сақталған.  Мәсе-

лен,  біздің  жыл  санауымыздан  бұрын 

дүниеге келген қасиетті «Авеста» кіта бын-

да,  XI  ғасырдағы  түркі  тілдерінің  энцик-

лопедиясы  -  «Дивани  лұғат  -  ат-түрк» 

сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял- 

ғажайып  ертегілерінде  осындай  ұқсас  сю-

жеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар 

жақсылыққа  «Ахуромазда»,  жамандыққа 

«Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар 

жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», 

қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп 

атаған.


«Атасы мен анасы,

Үш жүз алпыс бес баласы,

Он екі ауыл шамасы,

Отыз ор дуадақ,

Бес балақ сан,

Елу  екі  қарақшы»,-  деп  халық  жұмба-

ғында  айтылғандай,  қазақтар  бір  жылды 

әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға 

бөлген.  Жыл  соңындағы  санатқа  кірмей 

қалған 5 (6) күн —«бес қонақ» деп атала-

ды.  Мұны  фарсылар  «фэнджи»,  сотистік 

күнтізбеде «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. 

Ежелгі  сенім  бойынша  жаксылық  пен  жа-

ман дықтың  жан  алып,  жан  берісіп  өмір 

үшін  күресуі  санатқа  кірмей  қалған  осы 

уақыт  аралығына  сәйкес  келеді.  Осы  бір 

«жуанның  жіңішкеріп,  жіңішкенің  үзілер, 

өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, 

қысталу күндері халық тілінде «өліара» деп 

аталады.  Қазақтар  осы  5  (6)  күнді  өткізіп 

жібермей  жолаушы  шықпайды,  қоныс 

аудармайды,  жиын-той  жасамайды,  мал 

сойып,  қонақ  шақырмайды.  Ақсақалдар 

өліарада  «апыр-ай,  қайтер  екен»  деп  ауыл 

иттерін де үргізбеген.

Қыс  пен  жаздың  халық  санасындағы 

осы  көрінісі  кейбір  ғалымдардың  Наурыз 

мейрамының шығу тегін дуалистік теория-

дан  іздеп,  Жақсылық  пен  Жамандықтың, 

Қыс  пен  Жаздың,  Суық  пен  Жылының, 

Қайырымдылық  пен  Қатыгездіктің  күре-

сінен туған деген ой қорытындылауына се-

беп болды. Алайда, «Екі жарты – бір бүтін», 

«бірлік  болмай  -  тірлік  болмас»,  «тіршілік 

көзі  -  бірлікте»  деген  халық  даналығына 

үңілсек,  ата-бабаларымыздың  жаратылыс 

жайындағы түсінігі басқаша екенін көреміз. 

Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі 

алмастырып отыратын тіршіліктің құралым 

бөлшектерінің  үйлесімді  бірлігінен  бір 

тұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. 

Бүл  күн  –  аспан  денелері  өздерінің  ең 

бастапқы  нүктелеріне  келіп,  күн  мен  түн 

теңелетін,  жан-жануарлар  төлдеп,  адам-

дардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық 

орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың 

ұлы  күні  –  ұлыс    күн»  деп  атаған.  Григо-

риан күнтізбесі бойынша ескіше 9 наурыз, 

жаңаша 21- нен 22-не қараған түн осы күнге 

сәйкес келеді.

Наурыз  сөзі  иран  тілінің  ноу  —«жаңа», 

руз  —«күн»  деген  сөздерінен  қалыптасып, 

жылдың  бірінші  күнін  білдірген.  Ал  қазақ 

тілінде «наурыз» сөзі -біріншіден, жыл ба-

сында тойланатын думанды халықтық мей-

рам,  екіншіден,  наурыз  айы,  үшіншіден, 

ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айты-

лады.


Наурыз  мерекесін  тойлау  дәстүрі  дүние 

жүзі  халықтарының  көпшілігінің  тұрмыс-

салтында  бағзы  замандардан  бері  орын 

алған.  Бұл  мейрамды  ежелгі  гректер 

«Патрих»,  бирмалықтар  «Су  мейрамы», 

тәжіктер  «Гүл  гардон»,  «Бәйшешек», 

«Гүлнаурыз»,  хорезмдіктер  «Наусарджи», 

татарлар  «Нардуган»,  буряттар  «Сагаан 

сара»,  соғдалықтар  «Наусарыз»  армяндар 

«Навасарди»,  чуваштар  «Норис  ояхе»  деп 

түрліше атаған. Шығыс халықтарының На-

урызды  қалай  тойлайтындығы  жайындағы 

көне  деректер  бізге  Әбу  Райхан  Бируни, 

Ибн Балхи, Омар Хайям еңбектері арқылы 

жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар 

Наурызды  бірнеше  күн  тойлаған.  Олар 

бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа 

май  құяды;  жаңа  өнген  жеті  дәнге  қарап, 

келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ ке-

семен  дәстүрлі  ұлттық  көже    -  «сумалак» 

ұсынады;  ағаш  соқамен  бір  борозда  жыр-

тады,  ат  шаптырып,  жамбы  атысып  жары-

сады; көнетоз киімдерін тастап, үйдегі ескі 

шыны  -аяқты  сындырады;  бір-біріне  гүл 

ұсынып,  үйлерінің  қабырғасына  дөңгелек 

ою — «күн символын» салады; үйдің тіреу 

ағашына гүл іледі. Ал ежелгі түркілер бол-

са, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал 

-мұрттарын  түзеп,  шаштарын  алады,  алты 

күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші 

күні алтын теңге - жамбы атып жарысады. 

Егер  кімде  -  кім  бірінші  болып,  жамбыны 

атып  түсірсе,  сол  адам  бір  күн  елге  патша 

болып,  билеуге  ерік  беріледі.  Наурыз  жы-

рында:

Наурыз  күні  ертедегі  Иран  патшасы  қол 



астындағы адамдардың біріне патша шапа-

нын сыйға тартады екен деген де деректер 

бар.  Тіліміздегі  күні  бүгінге  дейін  айтыла-

тын «құлға да бір күн азаттық», «құлдан да 

бір тілек бар» деген мәтелдер осы бір көне 

рәсімге қатысты болса керек. 

Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санай-

ды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне 

жақсылық  ұялаған  күн»,  «ұлыстың  үлы 

күні – ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», 

«жыл басы» - жылқышы торғай (нәуірзек) 

келген күн, «көк құт көзін (өсімдік) ашқан 

күн», «жылдың жерге түскен күні», «Жер-

Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген 

күн»,  «Самарқанның  көк  тасы  еріген  күн» 

тәрізді бейнелі сөз оралымдары сақталған., 

Осылардың біріне -  «Самарқанның көк тасы 

еріген күн» дегенге тоқтала кетпесе болмас. 

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бой-

ынша 21 наурыз түні даланы Қызыр –  ара-

лайды екен. Сол себепті осы түн – «Қызыр 

түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет 

дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпін-

де  көзге  көрінетін  қиял-ғажайып  кейіпкер. 

Жақсылықтың  жаршысы,  жаңа  түскен 

Күн  нұрының  символы  –  Қызыр  ата  дала-

ны  кезіп  жүріп,  назары  жерге  түссе,  оның 

тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты 

ерітіп жібереді екен.

Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. Көже 

ішіліп болған соң, төрағасы қолын жайып:

 «Бақытты ас берсін,

Ұлың оңға консын,

Қызың қырға қонсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс  күнге  сақтап  жүрген  сүр  батам»- 

деп үй иесіне батасын береді.

әзірлегендер Қуатбек Қомашұлы, 

Қуаныш Дүйсенқұлов, Журналистика 

курсының тыңдаушылары


e­mail: agunkatu@gmail.com      www.agun.kz     

№ 15  18.03.2011

7

ұлТТыҚ  ҚұНДылыҚ

С.Сейфуллин атындағы Қа-

зақ  агротехникалық  уни вер-

си  тетінің  Ветеринария  жә не 

мал  шаруашылығы  техноло-

гиясы факультетінде «Аң өсі-

ру  және  аң  шаруашылы ғы» 

мамандығын  меңгеріп  жат-

қан  студенттер  бар.  Факуль-

тет  ұстаздары  аңшылықта-

ну  шы  мамандығына  көбіне 

табиғатқа  етене  жақын,  аң 

құстарға шын жаны ашитын 

ұл-қыздар  келетінін  айта-

ды.  Олар  студент  кезінен-ақ 

мемлекетіміздің 

байлығы 


–  аң-құстарды  қорғау,  олар-

ды  көбейту,  ұқыпты  пай-

далану 

керектігін 



жете 

түсініп,  аңшылықтанудың 

қыр-сырын  меңгереді.  Бү гін 

біз  осы  мамандықта  бі лім 

алып  жатқан  болашақ  аң-

шылықтанушылардың  ара-

сында  Мақпал  есімді  ару ға 

ерекше тоқталмақпыз. Ұста-

зы ның айтуынша, Мақпал аң-

дар мен құстарды аулау тех-

никасы  пәнінің  тәжірибелік 

сабақтарында аңдарға қақпан 

құрып, құстарға тұзақ қоюда 

тапсырманы  өте  ұқыпты 

орындайды.

Мақпал 1989 жылы Қытай 

Халық Республикасының Ал-

тай өңірінде дүниеге келген. 

Мақпалдың  кішкентайынан 

табиғатқа етене жақын өсуіне 

әкесі  себепші  болыпты.  Ал-

тай  тауларының  бөктерінде 

табиғаттың  тылсым  сырын 

же те меңгеріп, саятшылыққа 

жақын  болған  Мұхтар  аға 

Мақпалды  қасынан  бір  елі 

тастамай,  үнемі  бірге  алып 

жүрген  екен.  Әсем  табиғат 

пен  оны  қоршаған  орта,  сол 

тау бөктерін мекендейтін аң-

құсқа  деген  сүйіспеншілік, 

қызығушылық  Мақпалдың 

бойына    осылайша  дарыса 

керек. 


–  2007  жылы  ата-анам 

Шы ғыс  Қазақстан  облысы-

ның  Зайсан  ауданына  қоныс 

аударды,  -  дейді  Мақпал.  – 

Ор та  мектепті  бітіргеннен 

ке йін  жоғары  оқу  орнына 

тү су  үшін  аңшылықтану  са-

ласына  оқытатын  универ-

ситет  туралы  сұрастырдым. 

Жас тайымнан  табиғат  ая-

сында  өскендіктен  бола шақ 

мамандығымды 

жүрегім-

нің  қалауы  бойынша  таң да-

ғанды  жөн  көрдім.  Ел ор да-

сы  Астана  төрінде  С.Сей-

фуллин  атындағы  Қа зақ 

агротехникалық  универси-

тетінде «Аңшылықтану және 

балық шаруашылығы техно-

логиясы»  факультеті  барын 

естіп,  қатты  қуандым.  Ой-

ланбастан  Астанаға  келіп, 

осында  құжаттарымды  тап-

сырдым.    Аллаға  шүкір,  бү-

гінде білім алудамын. 

Мақпал  қоян  сойғанда  ал-

дына  жан  салмайды.  Прак-

тикалық сабақтар барысында 

тобында оқитын ер балалар-

ды ысырып қойып, өзі сойған-

ды  ұнатады.  Қоян  союға  да 

шеберлік  пен  жүректілік, 

икем ділік, қызығушылық ке-

рек екендігі анық. Міне, әркез 

Мақпалдың  жанынан  табы-

латын  осындай    қасиеттер 

оның мамандығына деген сү-

йіс пеншілігін  арттыра  түссе 

керек.  Мақпал  сонымен  қа-

тар өнерге де өте жақын жан. 

Қазақтың  қара  домбыра сын 

жанына серік еткен аруымыз 

дәстүрлі  әндерді  де    шыр-

қағанды  ұнатады.  Гитара  да 

ойнай  біледі.  Мақпалдың 

әрі оқу үздігі екенін де айта 

кеткеніміз артық болмас. 

«Болашақта  оқуымызды 

аяқ тағаннан  кейін,  осы  ба-

ғыттан  айнымай,  табиғатқа 

жақын  жүру  үшін,  тәуелсіз 

жас  мемлекетіміздің  көр-

кеюіне үлес қосу үшін, мем-

лекеттік  қорықтарда  еңбек 

сіңірсем бе деген жоспарым 

бар»,  -  дейді  ол  ағынан  жа-

рылып. 


Мақпал  бала  кезінде  қоян 

мен  кірпі  асырап,  кекілік 

баққан  екен.  Бақа  да  бақса 

керек.  Жалпы  аң-құстар 

мен  жан-жануарларды    өте 

жақ сы  көреді.  Ең  қызығы, 

қыз баланың дәл осы аңшы-

лықтану саласына үлкен қы-

зығушылық  танытуы  оған 

бала  кезінен  таныс  бол-

ған  үрдіспен  сабақтасып 

жат қандығы  болса  керек. 

Мақпал  мамандығын  мақ-

тан тұтады, ол – адам  бала-

сы  қай  салада  қызмет  ет се 

де  сүйіспеншілікпен,  қызы-

ғушылықпен,  үлкен  ықы-

ласпен  атқаруы  керек  деп 

есептейді. 

Бақытгүл АБАЙҚызы

 

 



 

Тарихы  шежіреге  толы  қазақ 

халқының  болмысы  жайлы 

әңгіме  қозғар  болсақ,  қазақты 

қарапайым, қонақжай, еңбекқор, 

қажырлы екендігінен, қыран құ­

сы,  ұшқыр  тазысы  мен  жүйрік 

аты  және    үкілі  домбырасы  ар­

қылы    танып  білеміз.  Көшпенді 

қазақ  атанған  ата­бабаларымыз 

осынау  аталған  қасиеттер  мен 

құнды  дүниелерді  қастерлеп  ұс­

таған,  серігі  еткен.  Қарапайым 

қазақ тірліктегі  нәсібін де  осы­

лардан  тауып, азық еткені мәлім. 

Халқымыздың  ежелгі  салтында 

қыран баптап, аңға шығу дәстүрі 

қалыптасса, мұны спорттың бір 

саласы,  салауатты  өмір  салтын 

ұстану десе де артық айтқандық 

емес. 

№ 15  18.03.2011

8

ұлТТыҚ ОЙыН



реДАКТОр 

Бақытгүл Абайқызы



ДизАЙН ЖәНе БеТТеу

Айсұлу Исмаилова 



меКеНЖАЙы: 

Астана қаласы, 

Жеңіс даңғылы, 62 А, 

С.Сейфуллин атындағы 

ҚазАТУ-нің бас 

ғимараты,

 тел: 31-75-64; 39-57-07

Газет С.Сейфуллин 

атындағы ҚазАТУ бас-

паханасында 

басылды. 

Газет ай сайын шығады. 

Таралымы 1000 дана.

Газет  Мәдениет,  ақпарат  және 

қоғам дық  келісім  минис тр лігінде 

тіркеліп,  №1106-Г  тіркеу  куәлігі 

берілген.

Редакция  жариялауға  ұсыныл-

ған  материалдарды  рецензияла-

майды.  Жария ла ным дар дың  маз-

мұ ны  мен  сурет тердің  сапасына 

жа уап бермейді.

Дүниедегі  әрбір  ұлттың 

белгілі  бір  мәдениет  үлгісі 

мен  өнері    түрлі  тарихи  және 

қо ғамдық  себептердің  салда-

рынан  өмірге  келгенімен,  бі-

рақ,  солардың  бар лығының 

ғасырлардан-ға сыр ларға  ұла-

сып,  ұзақ  уа қыттар  бойы 

адамзат  игілігіне  жарай  беруі 

тым  күрделі  құбылыс.  Тек 

осылардың  ішінде  құны  бар, 

өміршеңдік  қуаты  күштісі 

ғана  кейінгі  ұрпақтарға  жа-

лыны  өшпей,  жыл  өткен  сай-

ын  маңызы  күшейіп  жетеді. 

Дәл  осындай  ұлтымыздың 

өшпес  мәдениет  үлгісі  мен 

өнер  айшығының  бірі  –  то-

ғызқұмалақ  ойыны.  Ол  ұлты-

мыздың  бұрынғы  заманнан 

бері  жалғасып  келе  жатқан, 

тамыры  тереңге  бойлаған 

дәс түрлі  төл  мұрасы.    «Тоғыз 

құмалақ»  –  бұрынғы  заман-

нан  бүгінге  жалғасын  тапқан 

қазақ  халқының  ұлттық  һәм 

әлемдік  мәдениетінің  озық 

үлгілерімен  бой  теңестіре 

алатын зияткерлік, логикалық 

ойлау  өнері.  Ар хеолог-ға-

лымдарының  па йым  да уын ша 

ойынның  пайда  болу  мерзімі 

4000  жыл  шамасын  қамтиды. 

Соңғы  деректерге  қарағанда, 

оның  шығу  тарихы  4  мың 

жылдық  кезеңді  қамтиды.  Ал 

кейбір  мамандардың  айтуын-

ша,  оның  пайда  болған  кезі 

бұдан  да  көп  уақыт  болуы 

әбден  мүм кін.  Тоғызқұмалақ 

өткен 

ға сырларда 



қазақ 

даласындағы  ең  кең  тараған 

ойын  болатын.  Тоғызқұмалақ 

мәдени  мұра  ғана  емес, 

жастардың  зердесін,  ойлау 

жүйесін жетілдірудегі маңызды 

зият керлік  спорттық    ойын 

түрі  екенін  атап  өтуіміз  ке-

рек. Міне, бұл – тоғызқұмалақ 

ойынының  басты  ерекшелігі. 

Басқа  спорттық  ойындардан 

айырмашылығы  –  бұл  ақыл-

ой  ойыны.  Тоғызқұмалақ 

ойлау 


арқылы 

ойнайтын 

ойын.  Тоғызқұмалақ  ойыны 

әлем  елдері  қызығып  ойнай-

тын  ойынның  бірі  деуге  де 

болады.  Бүгінгі  таңда  осы 

ұлттық  ойынымыз  әлемдік 

деңгейге  көтеріліп,  жас  ұр-

пақты  зияткерлікке,  ойлау 

қабілеттерін  арттыруға,  жан-

жақты  ой-өресін  жетілдіруге 

ерекше  маңызға  ие  болып 

отырғаны. Қарашаның 2-сі күні 

Алматы  қаласында  тұңғыш 

рет  «Тоғыз  құмалақтан»  ха-

лық аралық  сайыс  басталды. 

Елі міздің  Елордасында  өткен 

тоғызқұмалақтан 

тұңғыш  

әлем  біріншілігі.  Қазақстан 

Рес публикасында  қазір  спорт 

түрі  ретінде  Тоғызқұмалақ 

қанатын  қеңге  жайып,  та-

нымал  ойын  болып  дамуда. 

Қазақстан  Республикасының 

Тоғызқұмалақ  ойынынан  же-

келей чемпионаты ресми түрде 

1974  жылдан  бастап  өткізіліп 

келеді.  Бүгінгі  таңда  Қазақ-

стан  Республикасының  Ту-

ризм  және  спорт  министрлігі 

жыл са йын ересектер арасын-

да жекелей және командалық, 

жастар  мен  жасөспірімдер 

арасында,  ардагерлер  ара-

сында  чемпионаттар  өткізуде. 

1998 жылдан бастап Қазақстан 

Республикасы 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

жүлдесі 

үшін  халықаралық  жарыстар 

ұйымдастырылып 

келеді. 


8  жыл  ішінде  бұл  жарысқа 

Моңғолия,  Ресей,  Қырғыз, 

Өзбек  елдерінің  спортшы-

лары  қатысып  үлгерді.  2001 

жылы  1  сәуір  айынан  бастап 

Астана  қаласында  Шахмат 

клубы жанынан Тоғызқұмалақ 

бөлімі  ашылды.  Қазақстан 

тәуелсіздік алған жылдан бері 

тоғыз-құмалақ  жылдан-жылға 

дамып  келеді.  Бұл  жерде 

жаңа  құрылған  тоғызқұмалақ 

федерациясының  ықпалы  зор 

болып отыр. Бүгінгі таңда осы 

қауымдастықтың  арқасында 

елдің  түкпір-түкпірінде  үйір-

мелер  ашылып,  тоғызқұма-

лақтан жарыстар жиі өткізіліп 

келеді.  Елордамыз  Астана 

қа ласы  жақынғы  жылдар-

дан  бері  байрақты  бәсекелер 

бас  қосуының  алтын  ұясына 

айналды.  Сондай-ақ,  С.Сей-

фул лин  атындағы  Қазақ  агро-

техникалық  университеті  қа-

бырғасында  білім  алып  жат-

қан  студенттер  арасында  да 

тоғызқұмалақтан 

жарыстар 

ұйым дастырылып тұрады. 



мейірімгүл Тимур,

Агрономия факультетінің 

1 курс студенті 

Жақында С.Сейфуллин атындағы Қа-

зақ  агротехникалық  университетінің 

ұжымы  Астана  паркінде  шаңғы  жа-

рысын  ұйымдастырды.  Оқу  ордасы 

студенттеріне  білім  берумен  қатар 

азаматтық  тәрбиені  қалыптастыру 

мақсатында  тән  саулығына  да  ерекше 

мән  береді.  Жарысқа  9  факультеттің 

профессорлық-оқытушылар 

құ-

рамы,  әкімшілік-басқарма  ұжымы 



және  де  шаруашылық  басқарма 

бөлімінің  қызметкерлері  қатысты. 

Додаға  қатысушылар  ерлер  мен 

әйелдер  арасында  жекелей  5  топ 

бойынша  ұйымдастырылды:  20-29 

жас  аралығында,  30-39  жас  ара-

лығында, 40-49 жас аралығында, 50-

59 жас аралығында және 60 жастан 

жоғары.  Шаңғы  маусымының  жа-

былуы  қарсаңында  өткен  жарысқа 

университет  ұжымы  ерекше  құл-

шыныспен  қатысты.  Көтеріңкі 

кө ңіл-күй,  таза  ауа,  спорт,  жеңіс 

ТәНі САуДың – ЖАНы САу

ШАңғыШылАр СыНғА ТҮСТі

ұғымдары  әрбір  қатысушыға  шынайы 

демалыс  сыйлады.  Жеңімпаздарға 

диплом  мен  сый-құрмет  көрсетіліп, 

барлық спорт сүйер қауымға ыстық ас 

мәзірі ашық аспан астында үлестірілді.

20-29  жасқа  дейінгі  қыздар  арасын-

да  Лейла  Мұрзабекова  жеңімпаз  атан-

са  ерлер  арасында  Ринат  Шабажанов 

бірінші  келді.  30-39  жас  аралығында 

сынға  түскендерден  қыздар  арасын-

да  Светлана  Яцук,  ерлер  арасында 

Сабыржан  Дүйсенбеков,  ал  40-49 

жасқа  дейінгілер  арасында  қыздардан 

Гүлмира  Садуақасова  жеңіске  жет-

се,  ерлерден  проректорлар  Александр 

Майер  І  орын,  Айтжан  Әбдіров  ІІ 

орынды  қанжығалады.  50-55  жасқа 

дейінгілерден  қыздар  арасында  бас 

бугхалтер  Дәмелі  Әбдіқалықова  бі-

рінші  келсе,  ерлерден  Андрей  Феде-

ров  жеңіске  қол  жеткізді.  60  жастан 

жоғарғылар  арасында    Валентина  Ка-

бардина оза шауып, жеңімпаз атанды. 



Құттықтаймыз! 

Баспасөз орталығы 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет