І. Ұйымдастыру
- Амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
- Оқушылар мына екі суретке қарайықшы. Суретте не бейнеленген?
Дұрыс, бұл сүт пен судың суреттері. Оқушылар бұл екі заттың айырмашылығы неде?
Енді, ұқсастықтарын табамыз? Бұл екі зат та сұйықтық.
- Оқушылар, біз бүгін екі ыдысқа су құйып, қайсысына көп су сиятынын өлшейміз. Салыстыруды жұппен орындаймыз. Бірінші ыдысқа су толтырамыз, соны екінші ыдысқа құямыз. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші немесе керісінше.
- Оқушылар, біз екі ыдысты қандай қасиеттері бойынша салыстырдық?
- Оқушылар, біз көлем ұғымын бұрын естіп пе едік?
- Сендердің ойларыңша көлем деген не?
- Көлем дегеніміз – бұл сұйықтықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйықтық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді.
- Көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе?
- Қай кезде ыдыстың көлемін сырттай бақылау арқылы байқауға болады?
- Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Құмыраға шелекке қарағанда аз су сияды.
- Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, сонымен қатар, сұйық емес заттарға да тән. Қораптың да көлемін анықтауға болады. Оны ішіне заттар салу арқылы салыстыруға болады. Мысалы, мына екі қораптың көлемін анықтау үшін оның ішіне қандай зат саламыз? Біріншісі – су құйылған стақан, екіншісі – дақыл салынған стақан, үшіншісі – текшелер. Дұрыс айтасыңдар, біз қорапты текшелер арқылы өлшейміз. Біз қорапты қалай өлшедік? Дұрыс, ендеше, көлем дегеніміз – бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті. Егер зат сұйықтыққа арналған болса, онда көлемі кіші ыдыс өлшеуіш болады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болады.
|