Сабақтың тақырыбы : Су және оның қасиеті Сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі189,44 Kb.
#7888
түріСабақ

                                                    Амиргалиева Алтынзер Жаңабайқызы 

                                                                   Дүниетану . 

                                                                     2-сынып 

 

Сабақтың тақырыбы:              Су және оның қасиеті 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы 

таралуы жӛнінде түсінік беру. 



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік 

әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту. 



Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, 

тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты 

аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, 

адамгершілік тәрбие беру 



Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар:  Табиғат суреттерімен, ағынды 

кӛлдер, ӛзендер кӛрсетіледі. Физикалық карталар кескін карта, суреттер, 

кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар. 

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ 

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жобалау әдістері.  

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру. 

2. Ӛткен материалды еске түсіру. Тәжірибелік жұмыстар. 

3. Қайталау, қорыту, бекіту. Үйге тапсырма беру, бағалау. 



Сабақтың барысы: 

1. Бөлім. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттырылады 

Мұғалім: Қоңырау соғылды, сабақ та міне басталды! Ал, бүгінгі сабақ 

ерекше. Ол сендердің білімдеріңді бекітетін, кіріктірмелі сабақ. Тақырыпты 

ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның 

кім екенін табыңдар! 

Құпия қонақтың хаты

Мен сұйықпын да, мұзбын да, 

Тамшысымын жаңбырдың. 

Оюланған қыраумын, 

Жылымын да, салқынмын. 

Шӛлдесең кеуіп кенегең, 

Мейіріңді қандырдым. 

Сыйлаймын мен тазалық, 

Рақат беріп денеңе, 

Айта қойшы кіммін мен?(Су) 

- Қандай белгісінен білесіңдер?  - Былайша қарағанда күнбе-күн қолданып 

жүрген судан қарапайым не бар? 



Француз ұшқышы, жазушы, соғыс кезінде сахара шӛлде біраз уақытын 

ӛткізуге мәжбүр болған, сӛйтіп бір жұтым судың қадірін білген Антуан де 

Сент Экзюперидің: «Сенің дәмің де, түсің де, иісің де жоқ, сені ешкім де 

сипаттап бере алмайды, сенің не екеніңді білмей - ақ сенен рақат табады. 

Сенің ӛмір үшін қандай керек екеніңді сӛзбен айтып жеткізуге болмайды

себебі, сен - ӛмірдің ӛзісің»- деген сӛзі бар. 

Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Су туралы біз не білеміз? 

Ал енді  тақтаға қарайық: ол сендерге кӛрінеді. (Су туралы суреттер, су 

дыбысы, слайдтан  үзінді.  Бейнефильм кӛрсету.Ол фильмде табиғаттағы су 

түрлері (ӛзен - кӛлдер, т. б.) үлкейтіліп кӛрсетілген, адам мен судың 

арақатынасы ӛте әдемі баяндалады). 

 

ІІ Бөлім. Ӛткен материалдарды еске түсіріліп, тәжірибелер жасалады 

Ол үшін оқушыларды 2 топқа отырғызамыз. Оларға еске түсіру үшін жалпы 

сұрақ қойылады. 

1. Жер бетінде су қалай таралған? 

2. Судың тіршілік үшін маңызы қандай? 

3. Жер асты суы қалай пайда болады? 

4. Ӛзен дегеніміз не? 

5. Кӛл дегеніміз не? 

6. Дүние жүзі судан неліктен тапшылық кӛруде? 

Су туралы жалпы түсінігіміз бар болса, сабақты демонстрациялық 

тәжірибелер арқылы су қасиеттеріне кӛз жеткізейік: 

 

1 топ. Зерттеу жұмыстары. Су қасиеттерін сипаттауға түрлі тәжірибелер 

жасалады. 

А) стакандағы суға қант салып, оның жақсы еріткіш екенін; 

Ә) суға сүт құю арқылы түссіздігі, 

Б) иіссіз екені арқылы; 

В) қыздырғанда су сұйық күйден гассыз күйге айналады, т. б. қасиеттері 

анықталады. 

Топтастыру жұмысы: 

 

 

2 топ. Картамен жұмыс. (физикалық, кескін карталары) 

А) Қазақстандағы ірі ӛзендерді атап кӛрсету. Жергілікті жер ӛзені арқылы 

айту. 

Ә) еліміздегі кӛлдерді атап кескін картаға жазу. Ӛз жеріміздегі кӛлді атау. 



 

 

2 топ. «Су тіршілік кӛзі» тақырыбында шығармашылық жұмыс. 

Ӛзен, кӛлдерге арналған ақын - жазушылардың ӛлеңдерін оқу, әңгіме айту, 

сурет салу, т. б. 

1 топ. «Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер? 

Халықтық тағылым, ырым - тыйым, аңыз - әңгімелер. 

 

ІІІ бөлім Мұғалім: Әрі қарай сабақ - презентация «су туралы айтар болсам» 

деген тақырыппен сендер су туралы орындаған тапсырмаларыңды 

қорғайсыңдар. Әр топ ӛз тапсырмасын қорғайды. 

 

Оқулықпен жұмыс:  Мәтінді түсініп оқу.  



Дәптермен жұмыс, кескін картамен жұмыс тексеріледі. 

Бағалау: 

Үйге тапсырма:  Нақыл сӛздер мен мақал –мәтелдер жазу. 

                               «Су -тіршілік кӛзі» атты эссе жазу. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет