Сергіту сәті
Шығарып көр.
Фигуралардың көлемін анықта. Әр фигурадағы текше санын сана.
Бұл тапсырманы біз жұппен орындаймыз. Бірінші суреттегі фигураларды өлшеу үшін неше кіші текше жұмсалынды? (7)
Екінші фигура неше текшеден тұрады? (6)
Үшінші фигура неше текшеден тұрады? (8)
Орындап көр.
Бір кесеге неше асқасық су сиятынын өлшеп көр.
Берілген тапсырманы топпен орындаймыз. Әр оқушы топ ішіндегі рөлін таңдап алады. Мысалы, бір оқушы ас қасықпен стақанға су құйып тұрады, ал екіншісі, неше қасық болғанын санап тұрады.
Қосымша тапсырмалар.
Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін тап.
Екі суретке қарап, солардың ішінен көлемі үлкен ыдысты тап. Дәлелде.
Қай ыдысқа су құюға болады?
А) Суреттердің ішінен қай ыдысқа сұйықтық құюға болатынын таңдап, қызыл түспен боя.
Ә) текшелерді салуға болатын ыдысты таңдап, көк түспен боя.
|