Мектеп бір ай бойы таңдап алған зерттеу проблемасы бойынша былай жұмыс жасайды


«Сабақта қанша оқушыны бақылаған орынды?» деген сұраққа Тошия Чичибу былай деп жауап берді



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі22,13 Kb.
#134770
1   2   3
Байланысты:
Ақпарат Lesson Study

«Сабақта қанша оқушыны бақылаған орынды?» деген сұраққа Тошия Чичибу былай деп жауап берді:
- Бұл мәселе зерттеу тақырыбына, мұғалімнің тәжірибесіне, білік пен дағдыларына байланысты болғандықтан оны әр мұғалімнің өзі шешеді. Мұнда қатып қалған нәрсе жоқ. Пит Дадли ұсынғандай, сыныптағы оқушыларды А, В, С деңгейлеріне бөліп, сабақта солардың біреуін бақыласа болады. Немесе оқушылардың жұбы не шағын тобының қалай жұмыс жасайтындығын да бақылаған орынды. Бүкіл сыныпты да бақылауға болады. Мен өзім әдетте бүкіл сыныпты бақылаймын, өйткені осылай ғана сынып туралы объективті картина құрастыруға болады деп есептеймін.
- Қандай бақылау құралдарын қолданасыз? – деп сұрадым мен.
- Ең бірінші кезекте мен сабақта оқушыларды көптеп фотоға түсіремін. Талқылау барысында фотосуреттер менің оқушылардың қалай үйренгендігі туралы ойларым мен пайымдауларымның дәлелді айғақтары болады. Бұған қоса мен бақылау кестелерін де жиі қолданамын. Мысалы, мен сыныптағы парталардың схемасын сызып, оқушылардың отыратын орындарымен нөмірлеп аламын да, олардың сабақта жауап беру ретін белгілеп отырамын. Нәтижесінде бұл схемадан мұғалімнің қанша оқушымен жұмыс жасағандығы анық көрініп тұрады, - деп жауап берді жапон ғалымы.
- Сабақтан кейін оқушылардан интервью аласыз ба? – деп тағы да бір сұрақ қойдым.
- Жоқ! Алайда Пит Дадли оқушылармен сұхбаттасуды ұсынады. Және де мен бұл әңгіменің жағымды нәтиже әкелетіндігін де жақсы білемін. Бірақ мен өзім сабақтан кейін оқушылардан интервью алмаймын. Ал сіздерге алыңыздар деп ұсыныс жасаймын, - деп жауап қатты Тошия Чичибу.
Тағы да бір сұрақ қойдық:
- Сабақ барысында оқушыларға сұрақ қойып, олармен әңгімелесесіз бе?
- Бақылау кезінде оқушыларға сұрақты тек бір мәселені айқындап алудың басқа амалы қалмағанда ғана қоюға болады деп есептеймін. Мен сұрақ қоюды өте сирек қолданамын. Сұрақ қойғанда да сыбырлап, сабақ барысына еш кедергі болмайтындай қылып қолдану керек.
Тошия Чичибуге қойған соңғы сұрақ мынандай болды:
- Жапония мектептерінде ұйымдастырылған Lesson Study сабақтарында мұғалімдер бақылауды орындарынан тұрып жүргізеді. Кейде мұны бізде «Сыныптағы оқушылар саны көп, сондықтан да мұғалімдерге орын жетіспегендіктен олар бақылауды тік тұрып жасайды» деп түсіндіреді.
- Бақылауды қалай жүзеге асырған дұрыс?
- Оны да мұғалімдердің өздері шешкені дұрыс. Қалай ыңғайлы болса – солай бақылаған орынды. Мысалы, мен орнымнан тік тұрып бақылағандыы жөн санаймын, өйткені осылай көп нәрсені байқауға болады: оқушылардың әрбір әрекетін, топ ішіндегі қарым-қатынас деңгейін. Бұған қоса тік тұрғанда фото жасау да ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет