Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата31.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#10918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

48 
 
8.
 
Мектептегі Қамқоршылық немесе Байқау кеңестер 
Қазіргі  таңда  жұртшылық  барлық  шараларға,  мемлекеттік  басқарманың  барлық 
кезеңдеріне,  барлық  түрлі  деңгейлеріне  және  білім  беру  саласына  қатысуы  керек.  Білім 
берудің  дамуына  Қамқоршылық  немесе  Байқау  кеңестері  арқылы  жұртшылықтың  қатысу 
механизмін  «Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасына»  сәйкес  жасау  болжанып  отыр.    Білім  беру 
ұйымдарында басқарудың бірлескен түрі құрылады (2015 жылы – 45%, 2020 жылы – 60%).  
Қамқоршылық  кеңестің  қызметі  «Қамқоршылық  кеңес  қызметінің  және  оны 
сайлау тәртібінің  үлгілік  ережелерімен»  реттеледі
24
.  Бүгінгі  таңда  Үлгілік  ережелер  күн 
тәртібіне  сай  келмейді,  Қамқоршылық  кеңес  дегеніміз  не,  ол  қалай  әрекет  етуі  керек 
жөнінде  көбісі  біле  бермейді.  Нұсқаулық  авторлары  заңнамалар  аясында  білім  беру 
мекемелерінде  басқарманың  бірлескен  органы  ретінде  Қамқоршылық  кеңесті  қолданудың 
мүмкіндіктерін ашуға тырысты.   
Білім саласында шаруашылықты жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорында басқарудың 
бірлескен  түрі  Байқау  кеңестері  арқылы  енгізіледі  (8.3  бөлімді  қараңыз).  Шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің басқару ерекшеліктері 
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңымен реттеледі.
25
 
8.1 
Мектеп директорларының лауазымдық міндеттері және қаржы
  
Білім  беру  ұйымының  қызметін  оның  жарғысына  және  басқа  да  нормативтік  құқықтық 
актілерге сәйкес басқарады
26


 
Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушыларды  асырап  бағу  үшін  белгіленген  мөлшерден 
кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. 

 
Оқу-тәрбие  процесі  кезінде  білім  алушылардың  (тәрбиеленушілердің)  және  білім 
беру  ұйымы  қызметкерлерінің  өмір  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтауға  қажетті 
жағдай жасайды.  

 
Оқушыларды  қорғау  және  олардың  денсаулығын  нығайту  мақсатында  тамақтану 
және  медициналық  қызмет  көрсету  жұмысын  ұйымдастырады  және  оған  бақылау 
жүргізеді. 

 
Белгіленген  заңнама  шегінде  білім  беру  ұйымының  мүлкі  мен  құралдарына 
басшылық етеді.  

 
Жыл  сайын  құрылтайшылардың  қаржылық  және  материалдық  қаражаттың  түсуі 
және жұмсалуы туралы есебін береді.  

 
Нормативтік  талаптарға  сәйкес  есеп  жүргізіп,  оқу-материалдық  базаның  сақталуын 
және толықтырылуын қамтамасыз етеді. 

 
Педагог  кадрларды  және  қосымша  қызметшілерді  іріктеуді  және  жұмысқа  тартуды 
жүзеге  асырады,  басқару  құрылымын,  қызметкерлердің  штаттық  кестесін, 
лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай 
жасайды. 
                                                           
24  
Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығы 
25  
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV заңы 
26 
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 
шілдедегі № 338 бұйрығы 

49 
 
Білім  беруді  дамытудың  бағыттары  мен  келешегін  айқындайтын  нормативтік  құқықтық 
актілермен қатар:
 
 

 
менеджмент негіздерін,  

 
қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,  

 
еңбек туралы,  

 
еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері 
мен нормаларын,  

 
санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс. 
«Білім  туралы»  Заңның  45-бабына  сәйкес  білім  беру  ұйымының  басшысы  қаржы-
шаруашылық  қызметтің  жағдайына,  сонымен  қатар  материалдық  және  ақша  қаражатын 
мақсатсыз қолдануға жауапты.  
Алайда, қаржылық-шаруашылық мәселелер жөніндегі мектеп басшысының білімі шамалы. 
Ақшаны  дұрыс  жұмсай  білу  –  басшының  жетістігі.  Бұл  жағдайда  қамқоршылық  кеңестер 
мәселенің шешімі болар еді.  
8.2.  Қамқоршылық кеңес – жұртшылықтың білім беру мекемелерін басқаруға 
қатысу формасы 
Қамқоршылық  кеңес  қызметінің  мақсаттары:  білім  беру  ұйымына  оның  жарғылық 
қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету, білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске 
асыруды  қадағалау,  бюджет  қаражатын  қолдануды  бақылау,  жұртшылықпен  байланыс 
орнату. Қамқоршылық кеңестер – бұл мектеп ішілік басқарманың бір бөлігі, ол білім беру 
жүйесінің  ашықтығын,  мектептің  дамуына  және  мәселелерді  шешуге  мүдделі  жақтардың 
белсенді ат салысуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Үлгілік  ережелерге  сәйкес  қамқоршылық  кеңес  қызметінің  мақсаттары  мен  негізгі 
бағыттары: 
Қамқоршылық кеңес 
Ттің мақсаты  
1)  білім  беру  ұйымына  оның  жарғылық  қызметтерін  жүзеге 
асыруға ықпал ету; 
2)  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  ойдағыдай  іске  асыру 
мақсатында 
білім 
беру 
ұйымының 
оқушылары 
мен 
педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау; 
3)  білім  беру  ұйымына  қаржылық  қолдауды,  материалдық-
техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету; 
4)
 
білім  беру  ұйымының  әрі  қарай  дамуына  ықпал  ету  болып 
табылады. 
Негізгі бағыттар 
1)  білім  беру  ұйымына  әлеуметтік-мәдени,  сауықтыру  және 
дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету; 
2)  тәрбие  мен  оқыту  саласында  халықаралық  ынтымақтастықты 
орнату мен дамытуға ықпал ету; 
3)  білім  беру  ұйымына  қаржылық  қолдауды,  материалдық-
техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету; 

50 
 
4)
 
білім  беру  ұйымының  әрі  қарай  дамуына  ықпал  ету  болып 
табылады. 
 
Уақыт  өте  келе  бұл  тізім  толығатын  болады,  себебі  Қамқоршылық  кеңестер  ауқымды 
өкілетке ие болуы керек.  
Әзірге қамқоршылық кеңестер кеңесші орган рөлін атқарып отыр. Қамқоршылық кеңестің 
шешімі  кеңес  түрінде  ғана  қалса,  онда  ол  мектептің  ұжымдық  басқару  органы  бола 
алмайды. Олар атқарылатын қызметке басшы болуы тиіс.  Қамқоршылық кеңес тек қолдау 
және  қаржыландыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  мектеп  атынан  үкіметпен  және  азаматтық 
қоғам атынан мектеппен сұхбат жүргізетін орган. 
Қамқоршылық  кеңестің  болуы  мектепке  үстемділік  береді.  Кеңес  тек  бюджеттен  тыс 
қаражатты іздеп ғана қоймайды, сондай-ақ мектептің мүдделерін түрлі деңгейге көтеретін 
адамдарды  тартады.  Бұл  мектепті  ашық,  әрі  айқын  етіп,  мектеп  әкімшілігін  жұртшылық 
алдына есеп беруге тиісті етеді.  
 
«Мектептегі  қамқоршылық  кеңес  қандай  болу  керек?»  деген  сұрақ  көбісін  толғандырады. 
Заңгерлердің,  ата-аналардың,  кәсіпкерлердің  түрлі  пікірлерімен  танысу  үшін  «Ашық 
мектеп» журнал парақтарындағы пікірталас материалдарына көңіл аударуға болады.
27
 
 
Қолданыстағы  ережелерге  сәйкес  Қамқоршылық  кеңес  аталған  білім  беру  ұйымының 
құрылтайшысы  және  білім  алушылардың  ата-аналарының  бастамасы  бойынша  жалпы 
жиналыста құрылуы мүмкін. 
 
Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы 
жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. 
Қамқоршылық кеңестің құрамына: 
1.
 
Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; 
2.
 
басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері; 
3.
 
жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер; 
4.
 
қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері
5.
 
демеушілер кіруі мүмкін. 
Үлгілік  ережеде  Қамқоршылық  кеңес  құрамында  ата-ана  жұртшылығының  өкілі  туралы 
айтылмаған, алайда бұл кеңесте ата-аналардың өкілі болғаны орынды болар. 
  
Қамқоршылық  кеңес  мүшелерінің  өз  қызметтерін  орындауы  өтеусіз  негізде  жүзеге 
асырылады. 
 
Қамқоршылық  кеңестің  отырысында  сайланатын  оның  төрағасы  Қамқоршылық  кеңестің 
басшысы  болып  табылады.  Төраға  Қамқоршылық  кеңестің  атынан  арнайы  өкілеттіксіз 
әрекет  етеді,  оны  білім  беру  ұйымының,  мемлекеттік  органдар  және  басқа  да  тараптар 
алдында  таныстырады.  Төраға  Қамқоршылық  кеңестің  жұмысын  ұйымдастырады  және 
                                                           
27
 №6(97) 2010, №7(98)2010, №8 (99) 2010, №9 (100) 2010, №1 (102) 2011, №2 (103) 2011, 
http://www.open-
school.kz/glavstr/pop_sovet/aktualproblem91.htm
 

51 
 
оның  қызметін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  осы  Ережелерге  сәйкес 
қамтамасыз етеді. 
Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болады, Қамқоршылық кеңес төрағасының 
орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.  
 
Сонымен  қатар  Қамқоршылық  кеңесте  хатшы  бар,    хатшыны  Қамқоршылық  кеңес 
сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді. 
 
Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде  бір 
рет  өткізіледі.  Жоспардан  тыс  отырыстар  қажеттілікке  қарай  Қамқоршылық  кеңес 
төрағасының  шешімімен  немесе  Қамқоршылық  кеңестің  төрттен  бір  мүшелерінің 
талаптары бойынша өткізіледі. 
Қамқоршылық  кеңес  мүшелерінің  кемінде  2/3-сі  отырысқа  қатысса,  шешім  қабылдауға 
құқылы.  Қамқоршылық  кеңестің  шешімі  ашық  дауыс  берумен  оның  қатысып  отырған 
мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. 
Қамқоршылық  кеңестің  қызметін  тоқтату,  білім  беру  ұйымын  таратуға  және  қайта 
ұйымдастыруға  байланысты  жұмыстар  құрылтайшының  немесе  Қамқоршылық  кеңестің 
бастамасы бойынша жүзеге асырылады.  
 
8.3.  Байқау кеңесі – мектептегі басқарудың бірлескен формасы 
Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорында  Қамқоршылық  кеңестің 
орнына Байқау кеңесі келеді. Байқау кеңесі құрылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы 
мемлекеттік    кәсіпорындарға  қойылатын талаптар  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
тиісті шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі
28
.  
Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындардағы  байқау  кеңесі 
мүшелерінің  саны  тақ  болуға  және  кемінде  бес  адамнан  құралуға  тиіс.  Байқау  кеңесінің 
басқа  мүшесімен  немесе  мемлекеттік  кәсіпорын  басшысымен  жақын  туыстық  және 
туыстық  қатынастағы  адамды  байқау  кеңесінің  мүшесі  ретінде  сайлауға  болмайды. 
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  жұмыскерлерінің  штатына  кірмейді.  Байқау 
кеңесінің төрағасы байқау кеңес мүшелерінің арасынан дауыстың көпшілігімен сайланады. 
Байқау кеңесін құру тәртібі, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын 
талаптар, сонымен қатар Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың 
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік 
кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасымен»
 
 реттеледі.
29
 
                                                           
28
«Байқау  кеңестері  құрылатын  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға  қойылатын 
критерийлерді  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  27  маусымдағы  №712 
Қаулысы 
29
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы №686 қаулысы 
 
 

52 
 
Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы 
органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы 
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу 
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу 
қағидасына сәйкес конкурстық тәртіппен сайланатын өзге де тұлғалар кіреді. Шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік 
мерзімі үш жылды құрайды. 
Байқау кеңесінің хатшысы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның 
қызметкері  болып  табылады  және  байқау  кеңесінің  мүшесі  болып  табылмайды.  Байқау 
кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, 
отырысқа  материалдар  ресімдеуді  қамтамасыз  етеді  және  байқау  кеңесі  мүшелерінің 
отырыстар материалдарына қолжетімді болуын қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді. 
 
Байқау  кеңесі  мүшелерінің  қызметін  бағалау  және  байқау  кеңесінің  мүшелеріне  сыйақы 
төлеу лимитін айқындау тәртібін Ережелерге
 
сәйкес айқындайды.
 30
 
 
Байқау кеңесінің өкілеттіктері  
 
Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  мүлік  туралы»  заңы  149-бабына  сәйкес 
Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай 
өкілеттіктері бар:  
1)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді; 
2)  даму  жоспарының  орындалуы  туралы  есеп  жобасын  үйлестіреді,  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  жылдық  қаржы  есептілігін  алдын  ала 
бекітеді; 
3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның 
ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза 
табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды; 
4)  бюджет  қаражаты  мен  қосымша  көздерден  алынған  қаражаттың  нысаналы 
пайдаланылуын  бақылау  үшін  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік 
кәсіпорынның  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  құжаттамасымен  кедергісіз 
танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру 
үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді
5)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  басшысын 
тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті 
органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын үйлестіреді; 
6)  ұжымдық  шартты  әзірлеуге  қатысады  және  қосымша  қаржы  көздерінен,  даму 
жоспарында  бекітілген  қаражат  шегінде  кәсіпорын  қызметкерлерінің,  басшысының,  оның 
орынбасарларының,  бас  бухгалтерінің  лауазымдық  жалақыларына  үстемеақы  белгілеу, 
сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды; 
                                                           
30
«Байқау  кеңесі  мүшелерінің  қызметін  бағалау  және  байқау  кеңесінің  мүшелеріне  сыйақы  төлеу  лимитін 
айқындау  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  29  шілдедегі  №876 
Қаулысы
 
 

53 
 
7)  байқау  кеңесінің  хатшысын  тағайындайды,  оның  өкілеттік  мерзімін  және 
жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады; 
8)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы ұсыныстар енгізеді; 
9)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  қызметінің  басым 
бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды; 
10)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  басқа  заңды  тұлғаларға  қатысуы  туралы 
ұсыныстар енгізеді; 
11)  тиісті  саланың  уәкілетті  органына  (жергілікті  атқарушы  органға)  шаруашылық 
жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  филиалдарын,  өкілдіктерін  құру  және 
жабу туралы ұсыныстар енгізеді. 
2.  Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  байқау  кеңесі 
мүшесінің  талап  етуі  бойынша  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік 
кәсіпорынның  құрылымдық  бөлімшелері  байқау  кеңесінің  құзыретіне  жататын  мәселелер 
бойынша ақпарат беруге міндетті. 
 
Байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі 
Байқау  кеңесінің  отырыстары  қажет  болуына  қарай,  бірақ  тоқсанына  кемінде  бір  рет 
өткізіледі.  Байқау  кеңесінің  отырысын  оның  төрағасы  өз  бастамасы  бойынша,  тиісті 
саланың уәкілетті органының (білім беру басқармасының), Байқау кеңесі мүшесінің немесе 
шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорын  басшысының  талап  етуі 
бойынша шақыруы мүмкін. 
Байқау кеңесі туралы ережені, Байқау кеңесінің шақыру және өткізу тәртібі тиісті саланың 
уәкілетті органы (білім беру басқармасы) бекітеді. 
Байқау кеңесінің отырысы, егер Байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен 
орны  туралы  хабардар  етілсе  және  отырысқа  Байқау  кеңесі  мүшелерінің  жартысынан 
астамы  қатысса,  заңды  болып  табылады.  Байқау  кеңесінің  мүшесіне  өз  дауысын  байқау 
кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне болмайды. 
Байқау  кеңесінің  әрбір  мүшесі  дауыс  беру  кезінде  бір  дауысқа  ие  болады.  Дауыстар  тең 
болған  жағдайда  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  байқау 
кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. 
Байқау  кеңесінің  шешімдері  жазбаша  нысанда  ресімделеді  және  оларға  байқау  кеңесінің 
барлық мүшелері қол қояды. 
 
 

54 
 
ҚОСЫМШАЛАР 
1-қосымша. Стратегиялық жоспардың нысаны    
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда министрлігінің  
2010 жылғы «01» шілдедегі №101 бұйрығына  
5-қосымша 
Стратегиялық жоспар 
_________________________________  
(мемлекеттік органның атауы)  
________________ жылдарға арналған 
      (жоспарлы кезең)  
 
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы 
2-бөлім. Тиісті қызмет салаларының (аяларының) ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
 
 
1. 1-стратегиялық бағыт  
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.  
1.2) Негізгі проблемаларды талдау 
1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау 
2. 2-стратегиялық бағыт…  
 
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы 
индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері 
 
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер 
көрсеткіштері 
1-стратегиялық бағыт ____________________________________________________  
1.1.
 
мақсат  ________________________________________________________________________  
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды ________________  
Нысаналы индикатор (қол 
жеткізудің түпкілікті 
мерзімін (кезеңін) 
көрсетумен) 
Ақпарат көзі 
оның ішінде аралық мәнді көрсетумен 
есепті кезең 
жоспарлы кезең 
өлшем бірлігі 1-ші жыл  
(есеп)  
2-ші жыл  
(ағымдағы 
жоспар)  
1-ші 
жыл  
2-ші 
жыл  
3-ші 
жыл 
4-ші 
жыл 
5-ші 
жыл 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
7  
8  
9  
10  
1  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
…  
 
 
 
 
 
 
 
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және тәсілдері:  
1.1.1-міндет ________________________________________________________________  
Тікелей нәтижелердің 
көрсеткіштері 
Ақпарат көзі 
өлшем 
бірлігі 
есепті кезең 
жоспарлы кезең 
1-ші жыл  
(есеп)  
2-ші жыл  
(ағымдағы 
жоспар)  
1-ші 
жыл  
2-ші 
жыл  
3-ші 
жыл 
4-ші 
жыл 
5-ші 
жыл 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
7  
8  
9  
10  
1.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
…  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге 
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі*  

55 
 
*Іс-шараны жүзеге асыру мерзімін «Х» таңбасымен сәйкес графада көрсету керек  
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына 
сәйкестігі 
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары 
Стратегиялық құжаттың және (немесе) бағдарламалық 
құжаттың атауы 
1  
2  
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту 
Мемлекеттік органның стратегиялық 
бағытының атауы, мақсаттары мен міндеттері 
Мемлекеттік органның стратегиялық 
бағытын, мақсаттары мен міндеттерін 
іске асыру бойынша іс-шаралар 
Іске асыру кезеңі 
1  
2  
3  
5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл 
  
Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-
қимыл талап етілетін міндеттердің 
көрсеткіштері 
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл 
жүзеге асырылатын мемлекеттік  
орган 
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл 
орнату үшін мемлекеттік орган жүзеге 
асыратын шаралар 
1  
2  
3  
1-стратегиялық бағыт.  
1.1-мақсат.  
1.1.1-міндет.  
…  
6-бөлім. Тәуекелдерді басқару 
 
Мүмкін болатын тәуекелдің атауы 
Тәуекелдерді басқару шараларын 
қабылдамаған жағдайда орын алуы мүмкін 
салдар 
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-
шаралар 
1  
2  
3  
Сыртқы тәуекелдер 
Ішкі тәуекелдер 
7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар 
7.1. Бюджеттік бағдарламалар  
Бюджеттік 
бағдарлама 
Бюджеттік бағдарлама коды мен атауы 
Сипаттама  
 
Бюджеттік 
бағдарлама түрі  
мазмұнына қарай 
 
іске асыру тәсіліне қарай 
 
ағымдағы/даму 
 
Бюджеттік бағдарлама 
Өлшем 
Есептік кезең 
Жоспарлы кезең 
Жобаланған 
Жобаланған   
арналған іс-шаралар 
1-ші жыл  
2-ші жыл  3-ші жыл  4-ші жыл 
5-ші жыл 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
1  
 
 
 
 
 
2  
 
 
 
 
 
…  
 
 
 
 
 

56 
 
көрсеткіштерінің атауы 
бірлігі  1-ші 
жыл 
(есеп)  
2-ші жыл  
(ағымдағы 
жоспар)  
1-ші 
жыл 
2-ші 
жыл 
3-ші 
жыл 
жыл 
жыл 
 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
7  
8  
9  
 
тікелей нәтиженің көрсеткіштері   
 
 
 
 
 
 
 
 
түпкілікті нәтиже көрсеткіштері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
сапа көрсеткіштері  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
тиімділік көрсеткіштері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
бюджеттік шығыстардың көлемі 
мың теңге   
 
 
 
 
 
 
 
…  
7.2. Бюджеттiк шығыстардың жиыны 
 
Өлшем 
бірлігі 
Есепті кезең 
Жоспарлы кезең  Жобаланған  
жыл 
Жобаланған 
жыл 
1-ші жыл 
(есеп)  
2-ші жыл  
(ағымдағы 
жоспар)  
1-ші 
жыл 
2-ші 
жыл 
3-ші 
жыл 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
7  
8  
9  
БАРЛЫҚ бюджеттік шығыстар:  
мың теңге   
 
 
 
 
 
 
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мың теңге   
 
 
 
 
 
 
бюджеттік даму бағдарламалары 
мың теңге   
 
 
 
 
 
 
 
2-қосымша. Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың  
жеке жоспарының жобасы 
 
 
Бюджеттің атқарылуы 
және оған кассалық 
қызмет  көрсету 
ережесіне 1-қосымша 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет