№1 зертханалық тәжірибе
«Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) моделін құрастыру»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.1.4.4 гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіру;
10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, BeCl2 мысалында заттардың қасиеттерінің электрондық және кеңістіктік құрылымына тәуелділігін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: - гибридтену түрлерінің молекулаларының геометриясы туралы түсінік қалыптастыру;
- орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазады;
Оқушылардың басым бөлігі: -гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсінуі;
-орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазады, модельін құрастырады;
Кейбір оқушылар: -гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсініп зерттей алуы.
- заттардың қасиеттерінің электрондық және кеңістіктік құрылымына тәуелділігін түсініп модельін құрастырып зерттей алуы.
-атомдық орбитальдың гибридтенуіне анықтама бере алады және зерттей алуы;
- sp,sp2,sp3 гибридтену типтерін ажырата алады оның модельін құрастыла алады;
- әртүрлі молекулалардағы гибридтік орбитальдардың түзілуін көрсетіп модельін зерттеп құрастыра алуы;
Пәндік мақсаттар: Орбитальдардың гибридтенуі туралы айтады және түсінеді/ молекулалық қосылыстың құрылысы туралы сұрақтарға жауап береді.
Пәнге тән арнайы лексика және терминология: атомдық орбиталь, гибридтену типтері, sp – гибридтену, sp2- гибридтену,sp3- гибридтену,сызықты,үш бұрыштық, тетраэдр
Диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері: X молекулларY… болған кезде табылады
Молекулалық құрылысы .... қалыптасады…
Коваленттік байланыс …………”. “ “
Ол не …?