Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; ''Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
-Түрлі-түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз?- деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектер ше талқылап жатады.
Сонымен мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский:"Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс "- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Л.В.Занков және оның ізбасарлары ұсынған дамыта оқыту принциптері:
:: бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере
беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі.
:: бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің жетекші рөлі. Оқушылар таным, ақыл-ой жұмысымен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарлданады. Мысалы, абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:
:: оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.
:: логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, импметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
:: ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т.б.
:: талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оңиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т.б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді.
Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды.
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп ж. д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.
Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді.
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктенбастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің- дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және оған аса зоржауапкершілікпенқарау - әрбірсаналы азаматтың борышы. Ел боламындесең, бесігіңдітүзе,- деп М.Әуезов көрегендік - пен дәл айтты емеспе?! Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда.
Тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала - тұлға, өзінше бір әлем, ал, әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі - ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал, толыққанды азамат қалыптасу үшін - ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар, экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиенің қалыптасуы - ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен байланысты екендігі айқын. Демек, бұлар береке-бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ. Бұл ұл-дың еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылатын жоғары талап. Сондықтан да, осы үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.
Тәрбие үрдісінде педагогтың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды,- деп текке айтпаған.
Тәрбие мәселесін тек мектеп пен ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заң жобасында: Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті,- делінген.
Тәрбие үрдісінде ұстаздың білім өресі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский: Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның орнын баса алмайды,- деп текке айтпаған.
Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу - тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей сезімтал психолог болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |