Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің зерттелуі 3


Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің формалары мен әдістері



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі73,18 Kb.
#12104
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің формалары мен әдістері

Баланың бүкіл болашақ өмірі үшін баланың ақыл-ой тәрбиесі маңызды орын алады. 3 пен 5 жас аралығында логикалық ойлаудың, дені сау қызығушылықтың және ойлануға, тануға ұмтылыстардың негізі қаланады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесіне әлеуметтік ортасы - ата-аналары, тәрбиешілері, алғашқы достары ықпал етеді.

Ақыл-ой тәрбиесі - баланың ақыл-ой күштері мен ойлауын дамыту, онда ақыл-ой әрекеті мен танымдық қабілеттерінің жүйесін қалыптастыру бағытындағы тәрбиешілердің мақсатты түрдегі әрекеті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:



  • балаларда қоршаған өмірдің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым білімдер жүйесін қалыптастыру;

  • ақыл-ой әрекетінің дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттерді дамыту;

  • танымдық қызығушылықтар мен білгісі келушілікті қалыптастыру;

  • балаларды ақыл ой еңбегіне үйрету.

Ақыл-ой тәрбиесінің әдіснамалық негізі философиялық таным теориясы болып табылады.

Танымның бірініші сатысында сезіну мен қабылдау көмегімен заттар мен құбылыстарды тікелей сезімдік қабылдау жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде сезімдік қабылдау балалардың қоршаған орта туралы білімдерінің негізгі көзі болып табылады.

Танымның екінші және жоғары кезеңі – абстрактілі ойлау. Ойлаудың арқасында бала заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың өзара байланысын түсінеді. Абстрактілі ойлау балалардың ақыл-ой күштерін үнемді пайдалануға, оның есінде түсініктердің тұтас жиынтығын құруға мүмкіндік береді.

Объективті шындықты тануда тәжірибе маңызды рөл атқарады. Ол адам танымының күшін, қуатын, шынайылығын дәлелдейді.

Ақыл-ой тәрбиесі сәби өмірінің алғашқы күнінен, анасының алғашқы жылы сөзінен басталады. Сәби үшін жақындарымен қарым-қатынас өте маңызды, олардан бала тіл туралы, басты ұғымдар жайлы алғашқы білімдер алады. Екі-үш айлық кезінде сәби ойыншықтарды қозғалтады, ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ететін моторикасы іске қосылады. Кейін сәби өзін қоршаған ортаны ойындар көмегімен тани бастайды. Баланың илеу, аппликация, сурет салу, құрастыру т.б.шығармашылығын неғұрлым ертерек ынталандырған жөн.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі бағыттарына тоқталайық. Осы жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесінде сенсорлық тәрбиеге – сезіну мен қабылдауға- айрықша көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ тіл дамыту да маңызды – бала ақпаратты ана тілінде қабылдайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға көп оқу, әңгімелеу, оларға сауатты түрде түсінік айту және сипаттау қажет. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың есте сақтауы геометриялық прогрессия бойынша өседі, саналы түрде есте сақтауды үйренеді, есте сақтауды дамыту үшін жағдай жасау талап етіледі.

Ақыл-ой дамуы - жас ерекшелігіне, тәрбиелік әсер ықпалымен тәжірибені байытуға байланысты баланың ойлау әрекетінде жүзеге асатын сандық және сапалық өзгерістер.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде білімдерді жинақтау үлкен қарқынмен жүреді, сөйлеуі қалыптасады, танымдық процестері жетілдіріледі, бала ойлау әрекетінің қарапайым тәсілдерін меңгереді. Мектепке дейіінгі жастағы баланың ақыл-ой дамуын қамтамасыз ету оның одан арғы әрекетінің бәрінде маңызды орын алады.

Қазіргі педагогика ғылымы ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері білімдер жүйесін игеру олардың қорын жинақтау, шығармашылық ойдауды дамыту және танымдық әрекет тәсілдерін игеру деп есептейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу қажет. Оларды есепке ала отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру әдістері айқындалады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында балаларда қоршаған дүние жайлы қарапайым білімдердің үлкен қоры жинақталады, олар негізгі ойлау операцияларын (салыстыру, жинақтау және т.б.) меңгереді, заттар мен құбылыстардың маңызды және маңызды емес белгілерін бөлуге, кейбір себеп-салдарлы байланыстарды орнатуға қабілетті. Оларда оқу әрекетінің бастамалары қалыптасады. Толыққанды ақыл-ой дамуы тек ұйымдастырылған әрекет үдерісінде жүзеге асады. Сондықтан педагогтардың міндеті – қажетті жағдайлар жасау ғана емес, сонымен бірге балаға мақсатты түрде тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асыру.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой дамуындағы басты ерекшелік - танымның бейнелі формаларының басым болуы. Ақыл-ой тәрбиесі баланың ақылына әсер етуді көздей отырып, оның адамгершілік бейнесінің, эстетикалық дамуының қалыптасуына, салауатты өмір салты әдеттерін игеруіне ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде ақыл-ой тәрбиесінің түрлі құралдары пайдаланылады: ойын, еңбек, құрастыру және бейнелеу әрекеті, оқыту.

Ойындар - бала өмірінің тәжірибесі, сондықтан онда, ең алдымен, баланың бұрын қабылдаған нәрсесі бейнеленеді.

Бірақ ойын үдерісінде бұл білімдер одан әрі жетілдіріледі. Сөйлеудің, білімнің арқасында сөйлеу жоспарына өтеді, жинақталады, білімдердің жаңа деңгейі - сөздік-логикалық деңгейге көшу жүзеге асады. Ойын барысында заттар мен әрекет, ойнаушылармен ой бөлісу, ересектердің кеңестері мен түсіндірілуі арқасында білімдердің толығуы жүзеге асады.

Ойын барысында балалардың танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Ойын мазмұнына қызығушылық құбылыстар мен оқиғаларға көшеді.

Құрастыру үдерісінде баланың ақыл-ой әрекетіне бірқатар талаптар қойылады: затты мақсатты түрде қабылдау, оның бөліктерін көру, олардың ара-қатынасын байқау, затты көзбен жекелеген бөліктерге бөлу және оларды бар бөліктерін сәйкестендіру, әрекетті жоспарлау және т.б.[1].

Құрастыру зат жайлы неғұрлым дәл, нақты түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді, заттар тобындағы жалпы және өзіндік ерекшеліктерді көре білу білігін дамытады.

Бейнелеу әрекеті үдерісінде сенсорлық қабілеттер мен ақыл-ой әрекеттерін қарқынды қалыптастыру жүзеге асады (бүтінді бөліктерге бөлу, затты кеңістікте орналастыру, түсті қабылдау және т.б.).

Еңбек әрекетінің балалардың ақыл-ой тәрбиесі үшін мүмкіндіктері зор. Әрбір еңбек тапсырмасы ақыл-ой міндетін білдіреді. Ол не істеу керектігін түсінуі, оны қалай істеу керектігін, тапсырманың орындау шарттарын, талдай алуы, материалды жан-жақты қарауы, олардың сапаларын бағалауы қажет. Балада белгілі бір білімдердің, біліктер мен дағдылардың болуы талап етіледі. Еңбек балалардың танымдық қызығушылықтарының дамуына әсер етеді[2].

Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі – оқыту. Оқыту үдерісінде балалардың ойлауы мен сөйлеуі дамиды, танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Балалар оқу-әрекетінің өзін меңгереді. Білімдер қорын меңгеру, ақыл-ой белсенділігін дамыту, интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды меңгеру - мектептегі оқытудың маңызды алғышарты болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: балалар әрекеті мен рухани және материалдық мәдениет шығармалары. Мектеп жасына дейінгі балалардың көп уақыты күн ырғағымен байланысты тұрмыстық әрекетіне кетеді. Бұл әрекеттің мазмұны сенсорлық даму үшін қолайлы болып табылады. Жуына отырып, балалар жылы және суық суды ажыратады, судың басқа да қасиеттерін танып біледі. Күн ырғағы процедураларын орындау барысында балалар кеңістікте бағдарлануға жаттығады. Балалардың күн ырғағының уақыттық айқындалуы оларға күннің бөліктері жайлы алғашқы түсініктерді игеруіне көмектеседі.

Балалар ыдыс-аяқтармен аттарын біледі, олар дайындалған материалмен, оларды пайдалану ережелерін танысады. Тәжірибелі педагогтар балаларды тұрмыстық заттармен таныстыра отырып, талдау-жинақтау әрекетін дамытады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын әрекетінде жүзеге асады. Ересектердің арнайы жасаған ойындарында балалар меңгеруі тиіс түрлі білімдер, ойлау операциялары, ойлау әрекеттері жинақталған.

Шығармашылық ойындарда балалар өздерінің қоршаған өмір жайлы әсерлерін бейнелейді. Ойын үдерісінде бұл білімдер жаңа деңгейге көтеріледі. Әрекеттің өнімді түрлері (еңбек, құрастыру, бейнелеу) ойлаудың жоспарланып отырған функцияларын одан әрі дамыту үшін арнайы мүмкіндіктері жасайды. Бала өзі жасап отырған әрекеттің нәтижесін көре білуі, жұмысты орындаудың кезеңін айқындауы, оны ұйымдастырудың тәсілдерін білуі тиіс.

Бес жастағы балалардың мінез-құлқында «неге, негештік» басымырақ болуы, олардың айнала қоршаған дүниеге қызығушылықтары мен білгісі келетін дүниелердің көбеюінен туындайды[3].

Бес жастағы баланың әлеуметтік құзыреттілігі қызығушылығының артуы және әсіресе құрбыларымен араласу кезінде өзінің ортадағы орнын сезінуден көрінеді. Бала қажеттілігін қанағаттандыру үшін сөйлеу түрін және басқа да түрлі тәсілдерді пайдаланады. Өзіне жақын ересек адамның, құрбы-құрдасының көңіл-күйін байқап, оған көңіл аударып, ниет білдіреді.

Ақыл-ой құзыреттілігі ойлау белсенділігінде сипатталады. Бес жасар «Негештер» өмірде болатын жағдайларды (тірі және өлі табиғаттағы өзгерістерді, адамның шығу тегі, ересектердің кәсіби іс-әрекеттерін) анықтап зерттеу әрекеттеріне қызығушылықтарын арттырады. Бала ойын бір жүйеге келтіруді, өзінің қарапайым әрекеттерін жоспарлауды біледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет