МОДЕЛДЕУ - КӨРНЕКІЛІГІ
Тақырыпты жақсы игереді
Есте сақтауды
арттырады
Тілдік-коммуникативтік құзыреттілігі қалыптастырылады
Сөздік қорын
байытады
Мектепке дейінгі жастағы балалардың көбі алған әсерлерімен өзара бөліседі де, ал берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруда қиынсынады Негізінен бұл баланың берілген сауалға деген білімінің аздығы емес, баланың байланыстыра сөйлем құрастыра алмағандығынан осындай қиыншылықтарға тіреледі.
Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде С.Г. Ермакованың «Мектепке дейінгі жастағы баламен жұмыс істеуде моделдеу – көрнекілігін қолдану» әдістемесінде:
- нысананы немесе жағдайға өздігінен талдау жасауға.
- децентрацияның (орталықсыздандыру) дамуына (есептеу бағытын өзгерте білуге).
- болашақ ойдың идеясы мен ниетінің дамуына, жағдай туғызып, оқыту барысында байланыстыра сипаттап сөйлеуді үлгілеуде пікірін білдіру жоспарлы құрал ретінде көрсетілген.
Моделдеу - көрнекілігінің құралын байланыстыра монологтық пікірін білдіреуге үйрету жұмысының барлық түрінде қолдануға болады:
- қайтадан әңгімелеу;
- ойыншықтар, сурет бойынша, заттар туралы, сурет сериялары бойынша көркемдеп әңгәмелеу;
- заттар туралы жұмбақтар құрастыру;
- тақпақтар жаттау.
Моделдеу - көрнекілігін қолдану, балалардың байланыстыра сөйлеуін мақсатты дамытуға, лексикасын белсенді байытуға, сөйлемнің әртүрлі құрылымдарын сөз сөйлеуде пайдалана білуді қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалардың монологтық сөз сөйлеуін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуге болады.
Балаларға әдістерді құру және қолдану үдерісі үлгілердің түріне және жас ерекшелігі мен балалардың өз қабілетіне қарай біртіндеп жүзеге асады.
Тәрбиеші алдын-ала дайындап қойған үлгілеу техникасына үйрете отырып балаларды оларға таныс емес жаңа үлгі формамен таныстырады. Кейбір кездері, керісінше, бала мен тәрбиешінің бірігіп құрған үлгісі оны дұрыс игеруге себепкер болады.
Осыған орай үлгінің әртүрлі формалары қолданылды:
стильденген, заттардың жиектелген кескіні;
зат пен құбылысты кескіндейтін рәміздер;
сызықтар, бағыттар, геометриялық фигуралар;
динамикалық және тірек сызбалар, нұсқама сызбалар;
мнемотаблицалар
(№2 қосымша).
Ұл бала
Ұл бала
?
Ұл бала
мұздар
жылғалар
құстар
Оқу жылының басында балалардың сөз сөйлеуінің даму диагностикасы өткізілді, төмендегі бөлімдер бойынша балалардың ауытқушылықтары анықталды:
Сөз сөйлеудің дыбыстық жағдайы;
Фонетикалық қабылдауы;
Балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейі
Берілген талдау нәтижесі бойынша балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың оқыту траекториясы анықталды; монологтық сөз сөйлеу үдерісінің ең тиімді бағдарламалық-әдістемесін қамтамасыз ету іріктеліп алынды.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмысы тіл дамытудың басқа тапсырмаларынан бөлінбейді және ең бірінші бұйрық беріп, әңгіме құрастыруға көшпес бұрын, алдын-ала үлкен жұмыс атқару қажет (№3 қосымша):
Сөздікті байыту бойынша.
Сөйлемдер, фразалар құрумен жұмыс істеу.
Сөз сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.
Лексикалық сөзді қолдана білу (диалог, монолог).
№3 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |