Сөздікті байыту бойынша Сөйлемдер, фразалар құрумен жұмыс істеу Сөз сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру Лексикалық сөзді қолдана білу
ДИАЛОГ
Бір түбірлі сөздерді ойлап табу Сөйлемді дұрыс құрастыру. Ұзын сөйлем құрастыру Сөзді таза, дұрыс айту(зат есемі, сын есімі, етістік). Сөзді жеке, көпше түрде айта білу
Балалардың сұрақ қоя білуі. Ойындар: «Репортер», «Сиқырлы қобдиша»
Сөйлемді өздігімен және ешқандай кідіріссіз тоқтамай және сөз соңында фразамен айта білу.
Байланыстырып сөз сөйлей білудің ең қарапайым түрі қайтадан айтып беру. Оған байланыстырып сөйлеуді қалыптастырудың ерекше рөлі бөлінген. Мұнда сөз сөйлеудің мәнерлі құрылымы, сөйлемді белгілі ретпен біртіндеп құрастыра білу жүзеге асырылады.
Моделдеу - көрнекілігін қолданбаса балалар сюжетті өздігінен жоспарлауда, байланыстыру контекстінде сөз сөйлеуді грамматикалық құруда шын қиыншылықтармен кездеседі.
Тірек сызба көмегімен қайталап әңгімелеу:
Естіген мәтіннің негізгі бөліктерін бөлуді шамалайды;
Оларды өзара байланыстырады;
Сонан соң тірек сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады.
Қайталап әңгімелеу кезінде моделдеу - көрнекілігін қолдану бойынша жұмыс балалардың төмендегідей қабілеттерін қалыптастырады:
Алмастыру қағидасын игеру, яғни кейіпкерлерді және көркемдік шығармашылық заттарын орынбасарлармен белгілей білу;
Оқиғаны орынбасарлар арқылы көрсете білуді қалыптастыру;
Қайталап әңгімелеудің жоспары ретінде өздігінен кеңістіктік динамикалық үлгі құра білуді қалыптастыру;
Тірек- сызба арқылы әңгіме құрастыру.
Моделдеу - көрнекілігінің тиімділігін бекіту үшін мен келесі тәжірибені жасап көрдім: сөз сөйлеу қабілеті бірдей балалардан құрылған екі топқа жеті сөйлемнен мәтін құруды ұсындым