«Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу көрнекілігі тиімді тәсілдерінің бірі»



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі33,17 Kb.
#20233
1   2   3   4   5
Қорытынды және келешек

Бала үшін сөйлеу, тілін меңгеру көп сатылы үдеріс. Ол ойдың тіл арқылы сыртқа шығу ниетінен басталады. Ниет не айту керек?, Қандай ретпен?, қалай айту керек? деген сұрақтарға жауаптарды ортақтастырады.

Мен өз жұмысымды қолданатын, байланыстырып сөйлеуге үйретудегі моделдеу – көрнекілік баланың осы сұрақтарына жауап бере алады. Моделдеу – көрнекілігін қолдану бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі сөз сөйлей білу тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша тәрбие жұмысы үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін кеңінен қолдануға болатынына куә бола алады.

Нәтиже бойынша балалар белсенді бола бастады, балалар өз ойын айтқысы келеді, сұрақтарға жауап береді, сұрақты дұрыс қоя біледі ең бастысы – осы материалмен жұмыс істеу қызықты. Әңгіме құрастыруды, сурет бойынша әңгіме құруды тек жеке балалар ғана емес, оқу жылының басынан үндемей келген балалар да орындай алады.

Өкінішке орай қазіргі кезде де сөз байлығының жетіспеушілігінен балалар өз ойларын толық жеткізе алмайды. Балалардың сөздік қорын дамытуға қосымша жұмыстар атқаруда тағы да мнемотехниканың көмегіне сүйенеміз.

Балаларды тексеру қорытындысы бойынша моделдеу – көрнекілігінің тиімді және мектепке дейінгі жастағы баланың монологтық сөз сөйлей білуін қалыптастыратын үдеріс құралы екенін дәлелдейді, өйткені ол:



  • естіп, ойда сақтау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді;

  • сюжеттің дамуы үшін әңгіменің фрагментін, суретті, олардың арасындағы өзара байланысты анықтап және оларды біріңғай сюжетке біріктіруге мүмкіндік береді;

  • ой ойлай білуді қалыптастыру және оны толық әңгімеге айналдыра алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, моделдеу - көрнекілігі мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру бойынша жүргізілетін барлық жұмыстарда, оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады және қолдану қажет. Теорияны практикамен қорытындылайын.

С.Г. Ермакованың көрнекі үлгілеуді суреттеп әңгімелеу әдістемесінен мысал келтірсем.

«Көктем» тақырыбына суреттеу арқылы әңгіме құрастыруды былай таратуға болады.

Тәжірибе жұмысы:



  1. Берілген жыл мезгілінің сипаттық белгісін символдармен белгілеу, әңгіме құрастыру

  2. «Көктем» деген сөзден басталатын сөйлемдер құрастыру (әр бір символға қысқаша сөйлемдер құрастырады).

  3. Символдарға сүйеніп суреттеу әңгімесін құрастыру

Д/о: «Көңілді паровоз»

Мақсаты: оқылған әңгіменің мазмұнына сүйеніп суреттеу әңгіме құрастыру.

Әңгіме «Автобустағы оқиға», Нұрдәулет Ақыш.

Әңгіме «Балалар мен ғалым», Спандияр Көбеев.

Көрнекілік: А-3 қағазы, паровоздың бейнесі, әңгіменің мазмұны, бөлінген ақ қағаздар-карточкалар, т/т фломастер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет