Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту проблемасын теориялық талдау



Дата07.01.2022
өлшемі91,42 Kb.
#19727








«Баланың қиялы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі»

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді.



Қиялы: Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру. Жеке басының қалыптасуы: «мен» ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым –қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады, Істің не ойынның қызғылықты болуы, кейде қызықтаса да басқалармен қатар істеуге талпынады



Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту проблемасын теориялық талдау:

Қиял - 1) шығармашылық қиялға қабілеттілік; 2) қиял

өнімі, арман, өнертабыс, мүмкін емес нәрсе; 3) өнерде -

қандай да бір тақырып бойынша импровизация.

Қиял санада көрінетін шындықтың сыртқы түрін өзгертеді, ол

шындық элементтерінің транспозициясымен (қайта

орналасуымен) сипатталады.

Қиял сізге бұрыннан белгілі фактілерге жаңа көзқарас табуға

мүмкіндік береді, сондықтан орасан зор көркем және ғылыми

танымдық құндылыққа ие.

Қиял тудыратын шығармашылық іс-әрекет көбінесе

стихиялық сипатта болады, бұл жеке

дарындылықпен және іс-әрекет барысында дамитын баланың жеке тәжірибесімен байланысты.

Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай

тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. "Еңбек процесінің аяғында алынатын нәтиже осы процесс бастауында адам ойымен идеалды түрде жасалады" (К. Маркс).

Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.

Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.

Қиялдың ерекше түрі - арман. Армандау - өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ, келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет.

Санамызда болатын қиялды екі түрге айыруға болады: жаңғыртушы, жасаушы қиял деп. Өткен уақытта алған бір әсерді сол қалпыңда жадымызда қайта тірілтсек, ондай қиялды жаңғыртушы дейміз.



Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби).

Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұшта- сып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспар- лап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.

Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше.

Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтінде пассивтік

түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-

жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Бала қиялының дамуына арналған жаттығулар



Баланың қиялын «Жүгіру

"Алып бер" ойыны. зерттеуге әдістеме ассоциациясы» Мақсаты: балада «Бір нәрсе сал». ойыны. Мақсаты: қиялды Балаға түрлі-түсті Балада белсенді дамыту.Балалар фломастерь мен сурет киялды дамыту. шеңбер бойымен салатын парақ Бірінші қатысушы үстелдерге беріледі. Оған ерекше кез-келген сөзді жайғасады. Бірінші сурет салу айтады. Екіншісі оған бала Бейнелеуші беріледі.Тапсырманы өзінің сөзін қосады

заттың атын айтып, орындағанға 4 минут үшіншісі осы екі сөзді қимылымен көрсетеді беріледі. қосылып,сөйлем

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет