«Тілсіз итеру» ойыны. Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір- бірін түртіп итереді, жай ұрып, соғып, шымшып көреді, бірақ, сөйлемейді. Кейін балалар ойыннан алған әсерлерін бөліседі.
«Иә және жоқ» ойыны. Барлық ойыншылар жұптаса бөлінеді. Әркім өзіне «иә» немесе «жоқ» деген көзқарасты тандайды. Дауыстап, тек осы сөздерді атауға болады. Ойынның мақсаты: қарама - қарсы көзқарастағы ойыншыны өз позициясынан бас тартқызу. Барлық ойын аяқталған соң, өздерінің ойларын бөлісу жүреді: Сіздер қандай көңіл күйінде болдыңыздар? Сіздің ашуланған немесе қиналған сәттеріңіз болды ма?
«Қораздар» ойыны. Ойын жұптаса орындалады. Бір ойыншы бір аяқпен секіріп, екінші ойыншыға соққан кезде, екінші ойыншы екі аяқпен жерді баспауы керек.
«Тез -тез қайтала» ойыны. Алдымен жүргізуші ойыншылармен келісіп алады. Балалар жүргізушінің сөзін айтып тұруы керек. Бірақ жүргізуші «мені қайталаңдар» деген сөзді айтуы керек. Одан кейін жылдам диалог «атысу» өтеді. Кімде- кім жаңылысып кетсе, ойыннан шығады. Ешқандай жаңылыспаған адам жеңімпаз атанады.
«Ұста-ұстама» ойыны. Ойынға қатысушылар бөлінеді, бір - біріне үшбұрыш түрінде қарап тұрады. Ойыншылар ашық және қоңыр түсті екі допты бір -біріне алма кезек лақтырады. Ашық түсті допты әрқашан да ұстап алу керек, ал, қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау керек. Мұндай «жәй» допты кімде- кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады.
Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап қалғандар үшбұрыштың ортасында. Жүргізуші және ойыншылар допты жанында тұрған келесі топқа лақтырады. Егер доп жерге түсіп қалса, онда оған басқа топ ие болады.
Егер де, топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталады. Ал, жеңімпаз-қай жақтың ойыншысы көп, сол жақ болып табылады.
«Жақын және таныстар» ойыны. 10-12 бір - біріне жақын, таныс, достар жиналады. Олар бір- бірін жақсы біле ме. Ол үшін олар өздерін бақылауға арналған ойындардың көмегімен тексерсін. Әрбір ойнағысы келетіндер уақытша жүргізуші болып бір ойыннан жүргізсін. Ең болмаса мынадай: