Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет15/17
Дата08.10.2024
өлшемі175,5 Kb.
#147125
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Керн Иарск әдістемесі

«Мен кіммін?» ойыны
Мақсаты: тренингтік қарым-қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қарай ашық сөйлеуге, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындауға, өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесіп, оларға талдай жасай алуды дамыту.
Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады. Біз өз танысуымызды жалғастырайық. Сіздің қиын жағдайдан шығуыңызға бар болғаны 1-2 минут қана уақытыңыз бар. Сіз елсіз аралда тұрсыз. Сізге қандай да бір объект, өсімдік немесе жануар түріне еніп, әлгі қауіптен құлылуыңыз керек. Қиын жағдайдан шығып және одан аман қалу үшін қандай объектіні немесе қандай өсімдік пен жануарды таңдайтыныңызды ойланып айтыңыз.
Талқылау:
1. Сізде қандай қиын жағдай болды?
2. Қандай объект, өсімдік, не жануар кейпіне ендіңіз?
3. Не үшін таңдадыңыз? Себебін түсіндіріңіз.
4. Қазір қандай сезімде тұрсыз?
«Сыйлық» ойыны.
Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге сыйлық сыйлаңыз.
Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Бәрі үнсіз жасалады.
Талқылау:
1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?
2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тек түсіндіңіз бе?
3. Сізге сыйлық ұнады ма?
4. Қандай әсерде болдыңыз?
«Құпия» ойыны.
Мақсаты: өзіңіздегі құпия ерекшеліктеріңізді тауып алуға тырысыңыз. Оны біз мынандай бейнеде жасаймыз. Білімді ғалым сізге қатты ұқсайтын робот жасап шығарғанын елестетіңіз. Сіздің егізіңіз сізге барлық бөліктері бойынша сәйкес келеді. Бірақ ол жамандықтың белгісі болған соң, өзгелер оны сіз деп қабылдамағанын қалайсыз. Өйткені ол сізді танитындарға өзін сізбін деп араласып жүр. Сіздің қандай да бір мүлдем қайталап жасауға келмейтін қайталанбас қасиетіңіз бар ма? Жақсылап ойланыңыз.
Сізге бұл нәрседен құтылу керек. Ол үшін айналаңыздағы адамдарға өзінізді робот емес, нақты сіз екеніңізді дәлелдеу үшін сіз ешбір адам білмейтін бір құпияңызды, бір ерекшелігіңізді немесе ешкім естімеген қандай да бір жетістігіңізді көпшілікке айтуыңыз керек. Ойынға қатысушылар сіздің айтқан құпияңызды «мұндай құпияңызды осы уақытқа дейін білмеппіз де, байқамаппыз да» деп айтпайынша сіздің робот емес, сіз екеніңізге сенбей ойынды жалғасыра бересіз. Сіз барлық құпияңызды аштыңыз, бірақ робот барлығын сол күйде қайталап қулық жасады.
Сіз өзіңіздің - өзіңіз екеніңізді, робот емес екендігіңізге көз жеткізу үшін, қандай маңызды құпияларыңызды соңғы кезде ашасыз.
«Эмиграция» ойыны.
Біздер ұзақ жылдар бойы бір қалада, бір көшеде тұрамыз. Айналадағы адамдар барлығына таныс, бір-біріне үйреніскен. Бірақ өмірде барлық жағдай болады. Кенеттен сіз отбасыңызбен басқа қалаға көшетін болдыңыз. Қалай ойлайсыз. Кім қуанып, кім өкінеді?
Талқылау:
- Ол адаммен қарым-қатыңасыңыз қандай еді?
- Онымен сізді қатыстырған не себеп болып еді?
- Сіз оған көмек көрсетіп пе едіңіз?
- Немесе ол сізді шын көңілден жақсы көре ме? Әсіресе кімдер?
- Мұндай қарым-қатынастың болу себебі неде?
- Бұл адамдармен арада қандай жағдайлар болып еді?
- Әлде олардың алдында өзіңіздің артықшылығыңызды жариялап па едіңіз?
- Мүмкін сіздің мінез-құлқыңыз олармен үйлеспеген шығар?
Осы сұрақтарға байланысты адамдардың атын атап, жауап жазыңыз. Тек болған оқиғаның аяғына дейін ашық айтылуы тиіс. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Бұдан кейін сіз серіктесіңізбен келісуге топтан 3-4 адам жиналып, талқылайсыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет