Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет8/17
Дата08.10.2024
өлшемі175,5 Kb.
#147125
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Керн Иарск әдістемесі

«Корректура» ойыны.
Оқушыларға негізгі түбірі алынып тасталған сөздер беріледі. Әрі қарай оқушы өзі толықтырып, қосып жазып 2 оқушыға береді. Ол оның қатесінің қасына жазады немесе толықтырады.
Мысалы: Мен ...сіз...ді...нің...мын. Болашақ...дің ...мызда....ды... қорғау...нан...ды, т.б.
«Саусақтар» ойыны
Оқушылар дөңгеленіп отырады. Қолдарын тізеге қойып, айқастырып, бас бармақты бір-біріне тигізбей айналдырады. Сол кезде кей оқушылардың қолдары тітіркеніп, қапалана бастайды. Бұл қиыншылықтар объектінің дәл көзделіп, негізделуінен болады.
«Көру арқылы есте сақтау» ойыны
Балаларға мектеп ауласы немесе мектептің іші атты шығарма жаздырады. Оны төменгі сыныптар ауызша айтады, ал сыныптастары қосады. Ал ересектерде ол жазбаша жүргізіледі. Сосын бірінікін бірі тексереді. Бұл ойын назарды және есте сақтауды анықтайды.
«Калейдоскоп» ойыны
Әр баланы жартылай дөңгелендіре отырғызып, әрқайсына түрлі-түсті қағаздан беріп, 1 оқушыны шығарып, теріс қаратып айттырады. Кімде қандай түс бар?
Оқушылардың ішкі жан-дүниесін ашуына және еркіндікке үйрететін психологиялық ойындар.
«Танысу» ойыны.
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап, топқа таныстырамыз. «1-2 сөйлем арқылы сыныбының атын өзінің мінезін айтуы керек. Осы сөздерден кейін психолог өзін таныстырып, әңгімелейді. Психологтан кейін әрбір адам айналым бойынша өзін- өзі таныстырады. Танысу біткен соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі. Психолог топқа мынадай сұрақ қояды: «Кімнің таныстыруы сіздің есіңізде қалды және оның таныстыруы сізге несімен ұнады?»
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері екіге бөлінеді. 1- ші топ ішкі, 2- ші топ сыртқы болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір- біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рол беруі керек, олар тез арада сол ролді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы; мұғалім-оқушы; дәрігер-қаралушы; полиция-жүргізуші; әкесі-баласы; анасы-қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет