Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжірибе жүргізу,бақылау жұмыстары арқылы артады.
Өнер орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп,әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды.
математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға,сандарды ауызша есептеп,есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйренеді. Жәнеде заттардың кеңістікте орналасу бағытын, уақытты бағдарлауға,заттардың түр түсіне, пішініне, көлеміне қарай салыстыруға,ажырата білуге үйретіледі
Математика орталығында сезім қабілеттері дамиды,кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі.
Құрылыс орталығында Николай Александрович Зайцев Н.А.Зайцев 1939 жылы Санкт Петербург қаласында дүниеге келген. «Білім беру жүйесіндегі стандарттан тыс технология» деген орталықтың негізін қалаушы және басқарушы. Ол ұлы педагог-новатор, «Зайцев кубиктері» атты еңбектің авторы.
Кубиктердің ерекшеліктері «Зайцев кубиктері» ойын- құралы 54 картоннан тұрады. Картондар буктемелер арқылы кубикке жиналады, оған қосымша 3 қағаз таблицасымен (2 оқуға,1 математикадан), әдістемелік нұскаулықпен қамтылған. Технологияның негізгі мақсаттары: Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Бүктеу арқылы оқыту;
Өлең айту арқылы оқыту;
Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;
Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы;