Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
• оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру;
• оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
• жалған сөйлемеу. Жақын даму аймағының негізгі ерекшеліктері.
«Жақын даму аймағы» көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді. Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. "Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды. Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.