Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Қазіргі дидактикалық жүйе



бет23/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Қазіргі дидактикалық жүйе.

Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.


  1. Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың ерекшеліктері.

Түсіндіру – суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негізделген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет