Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады. Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары. Зерттеу әдістері.
Зерттеу әдістеріне теориялық және эмпирикалық зерттеуді жатқызсақ болады.Мысалы теориялық зерттеу әдіснамасы бойынша балалардан белгілі бір тақырып бойынша жасырын,яғни анонимді түрде анкете немесе ашық түрде сауалнама әдісін пайдалана зерттеуге болады.Ал эмпирикалық (практикалық) зерттеу әдісі бойынша бақылау әдісін пайдаланған өте тиімді,мәселен бақылау әдісінің мақсаты зерттелу объектісі болады және кейіннен зерттеуден жиналған факттерді жинақтай келе анализ жасап, нақты жүргізілетін жұмыстың жоспарын құруға болады.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.