19
- қалыптастырушы және бақылау эксперименттерінің сипаттамасы;
- дипломдық зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы;
- ғылыми жетекшімен пилотаждық зерттеу нәтижелерін талқылау.
Есепті және қорытынды конференцияда ауызша сөз сөйлеуді дайындау
бойынша ұсынымдар (алдын ала қорғау).
Қорытынды конференция үшін студент бес минуттық баяндаманы дайындауы
тиіс, онда қысқаша түрде: практиканың мақсаты мен міндеттері; қалыптастырушы
эксперимент өткен мекеменің қысқаша сипаттамасы; эксперимент жүргізілген
оқушылар
контингентін
бағалау;
орындалған
іс-шаралардың
жалпыланған
нысанындағы сипаттамасы және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдын ала
нәтижелері ұсынылады. Қойылған міндеттерді орындауға және жаңа білім мен
дағдыларды алуға, сондай-ақ тәжірибені жақсарту үшін өз тілектеріңізді білдіруге
болатындығын көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: