Мектептің миссиясы бір күнде тұжырымдалмайды. Мектеп басшысы бұл процеске барлық ұжым мүшелерін қатыстырғаны орынды.
Миссияны тұжырымдау барысында үш негізгі кезеңді ажыратуға болады: дайындық, тұжырымдау және жетілдіру (қайта қарау). Бұл кезеңдер тәжірибеде қолдануға немесе сыртқы өзгерістерге негізделген тапсырмаларды нақтылау қажет болған кезде мезгіл-мезгіл қайталанып отырады.
Дайындық кезеңі. Көп жағдайда дайындықты мектеп басшылығы басқарады. Егер басшылықты бір адам өз мойнына алса, оны даярлауға бүкіл мектеп әкімшілігінің қатысуы маңызды. Бұл жағдайларда миссияны даярлау үшін жұмыс тобын құру (оның құрамына мұғалімдерді қатыстыру) тиімді.
Сонымен қатар миссияны тұжырымдау процесі мектепке әсер ететін көптеген сыртқы және ішкі факторларды ескеруді қажет етеді. Мектеп үшін бұл келесі факторлар болуы мүмкін:
білім беру саласындағы мемлекеттік саясат:
мектеп бітірушілерді даярлау сапасына қатысты нарық талаптары мен үміттері;
Сыртқы факторлардың басым көпшілігін өзгерту мүмкін емес, кейбіреулеріне ішінара әсер етуге болады (мысалы, ата-аналардың немесе мектеп түлектері түсе алатын оқу орындарының күтетін үміттері). Ішкі факторларды күтілетін нәтижелерге сәйкес бағытта өзгертуге болады.