І:4. Бектауата табиғатын қорғаудың бүгінгі жағдайы, пайдалану, қорғау шаралары.
1982 жылдан бастап Солтүстік Балқаш өңірінде республикалық маңызды Бектауата ботаникалық қорығы құрылды. Бірақ оны күтіп баптайтын, бақылап, тексеріс жүргізіп тұратын ұйымдар құрылмай өз бетінше өмір сүрді. Баға жетпес не бір есімдік түрлері малдың аяғына тапталып, жайылымы болып, дәрі – дәрмек жинаушылардың көмегімен құрып кетті. Сол жердегі тұрғындардың айтуынша мумие дәрісі машинамен тасылған. Джейрандар аңшылардың құрығына түсіп, құрып кеткен. Әлі де аңшылардың мылтықтарының даусы, әдемі жердің тыныштығын бұзуда. Егер Бектауата мекенінің картасына қарасақ онан 30 - ға тарта бұлақтарды көруге болады. Бірақ олардың қазірде 10 - ға тартасы ғана қалған. Қайнар бұлақтар құрып, тұрғындар туған жерлерін тастап кетуде. Бектауата тауларының сипаттамаларынан көргеніміздей жануарларының айтарлықтай түрге байлығы мен олардың көпшілігінің саны біршама аздау болуы Бектауатаның жануарлар дүниесін қорғаудың керектігі дәлелдейді.
Қиыр оңтүстікте орналасқан - Бектауата зонасы өзінің биологиялық түрлерін көбірек сақтап қалған. Осы себепті бұл аймақтың айтарлықтай бөлігі кейінгі жылдарда табиғи зоологиялық - ботаникалық қорықшалар статусына ие болды. Осы аумақта табиғат пен жануарларды қорғау үшін, экологиялық туризмді дамыту үшін қажетті мүмкіндіктерде бар
Достарыңызбен бөлісу: |