Мектеп музейінің өлкетану бағытындағы жұмыстары


ІІ тарау. Бектауата тауы етегіндегі археологиялық ескеткіштер кешенінің тарихи қалпына келтіру аспектісі тұрғыдан маңыздылығы



бет4/4
Дата13.03.2022
өлшемі27,14 Kb.
#27813
1   2   3   4
ІІ тарау. Бектауата тауы етегіндегі археологиялық ескеткіштер кешенінің тарихи қалпына келтіру аспектісі тұрғыдан маңыздылығы.

Археологиялық ескерткіштердің көптігінен «ашық аспан астындағы мұражай» деп атауға болатын Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді сақтау мен пайдалану бағытындағы көптеген мақсатты жобаларды іске асыруға мүмкіндіктер бар[Варфоломеев В.В.1991]. Іске асырылып жатқан игілікті істер де жоқ емес. Отырар, Бұрындай, Маңғыстау археологиялық қорықтары мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табихи мұражай-қорығы құрылды. Осы тұрғыдан алғанда табиғаты әсем Бектауата тауының қойнауларында орналасқан археологиялық ескерткіштер негізінде табиғи-мәдени қорық ұйымдастыру барлық жағынан да тиімді болған болар еді. Біріншіден, нақ осы Солтүстік Балқаш өңірінің інжу-маржаны Бектауата қойнауы тұсынан географиялық-климаттық әрі тарихи-мәдени даму өзгешеліктері тұрғысынан ерекше аймақ, қазақтың ұлы археологы А.К. Ақышевтың сөзімен айтқанда «кез келген көшпендінің жүрегінің түбіндегі асыл жаухары» - Сарыарқа басталады. Екіншіден, экономикалық тұрғыдан тиімділігі - ескерткіштер орналасқан аймақ Солтүстік Балқаш өңірінің негізгі индустриялық орталығы Балқаш қаласынан аса қашықта емес және қалыптасқан демалыс орындары («Балқаштүстіметалл» ӨБ –нің жыл бойы жұмыс істейтін және балалардың жазғы демалыс-сауықтыру орындары), байланыс-қатынас жүйесі бар(Синьцзянь - Алматы – Екатеринбург тас жолы, жоғары кернеулі электр тарату торабы өтеді). Ең маңыздысы қола дәуірінен бастап ХХ ғасырдың бас кезіндегі этнографиялық кезеңге дейінгі аса кең тарихи диапазондағы дәуірлерді қамтитын ескерткіштер шағын бір кеңістікте тығыз топтала қалыптасып(олардың саны 200 асады) ерекше құқықтық статусқа ие Бектауата зоология қорығының территориясында орналасқан - бұның өзі өз кезегінде оларды қорғау-зерттеу, пайдалану мүмкіндіктерін, әрі табиғи-ландшафты, мәдени тұрғыдағы туризм ортасын қалыптастыру жұмыстарын біршама жеңілдете түседі[Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайының жылдық есебі. 2008]. Бұл жұмыстар аса көп қаржы көлемін де қажет етпейді. Әрі осы жоба іске асырыла қалған күнде бүгінде осы аймақта орналасқан жеке шаруа қожалықтарын этнографиялық кезеңді қалпына келтіру ісіне белсенді тарта отырып, өлкеміздегі әлеуметтік ахуалды да белгілі бір жоғары деңгейге көтеру бағытындағы әрекеттерді жолға қойған болар едік. Бұл жұмыстардың қажеттілігі айқын, тек оны іске асыруға қолда бар мүмкіндіктер мен қажетті ерік - жігерді жұмылдыра алсақ болға

Қорытынды.

Көріп отырғанымыздай көлемі тұрғысында шағын алаңды алып жатқанмен Бектауатаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда алаң бірлігіне шаққанда өмір сүретін жануарлар саны далалық аймақтың қай бөлігінен болмасын көп болып келеді. Әрі ХХ ғасырдың 30- жылдарынан басталған аймақтың индустриялық игеріле басталуы себепті көп жылдан бері жалғасып келе жатқан антропологиялық қысымның қатерлі нәтижесіне қарамастан Сарыарқа даласына тән көптеген флора мен фаунаның түрлері сақталып қалған. Сондықтан ең алдымен Бектауатада экологиялық туризм орталығын қалыптастыру арқылы өлке табиғатының ерекшеліктерін танып-білу өте тиімді бола алады.

Бұдан басқа Бектауатада этно-мәдени-тарихи туризмді дамытуға да тамаша мүмкіндік бар. Нақ осы Бектауата шағын таулы массивінің қонауларында әр тарихи кезеңдерге жататын археологиялық ескерткіштердің жиынтықтала тығыз орналасуы тұрғысында Арқаның қай ауданымен салыстырғанда да артықшылыққа ие.

Қорыта келе айтарымыз, Бектауата табиғи-ландшафты және тарихи – мәдени шағын ауданы өлке тарихының өзгешелігін ғана танып қоймай, Отан тарихының да маңызды мәселелерін шешуге қажетті материал ретінде қарастырылуға және туристік база құруға әбден негіз бола алады.



  1. Варфоломеев В.В. Сары-Арка в конце бронзовой эпохи. Авторефератдиссертации канд.ист.наук. Алматы, 1991.

  2. Ержанов Н.Т., Бекишев К.Б., Капитонов В.И. Биоценозы гор Центрального Казахстана, требующие особой охраны./ Современные проблемы экологии Центрального Казахстана. Сборник научных трудов. Караганда, 1998.

  3. Капитонов В.И., Ганюшин А.Е. Пятипалый карликовый тушканчик – новый вид фауны Казахстана. Вестник Ан КазССР. Вып.1, 1971

  4. 4 Восточная Сарыарка. Каракарлинский регион в пршлом и настоящем. Алматы, 2004.

  5. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайының жылдық есебі. 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет