Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе


Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі



бет13/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.
Есту гигиенасы. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қантамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер п.б.: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.
Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.
Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет