Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет17/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

Меланотропин (МТГ) адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында – қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).
Эпифиз – пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:

      1. Меланин – теріні түссіздендіреді;

      2. К онтргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;

      3. Гломерулокортикотропин – бүйрек үсті безінің қызметін тежейді.



Қалқанша безі. Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35-
37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.
Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65 % йод болады.
Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.
Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп тез жүреді, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:

  1. туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;

  2. жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет