Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет25/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

Көкірек қуысы сүйектері - 12 жұп қабырға, төс сүйегі.
Адам денесінде 12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ- Х жұп қабырғалар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабырғалар деп атайды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды бос қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырға аралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.
Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсерші болады. Төс сүйегінің жоғары жағында мойындырық, екі жағында бұғана және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің арасы бітіп кетеді, ал семсершінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы конус тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериясын, өкпені қорғайды.
Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйектері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады. Жауырын – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет