Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет33/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

гиповитаминоз, көп болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады.
Витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер, суда еритіндер. Майда еритін витаминдер: А, Д,
Е.
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен-жеген тамақтың құрамында
провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер адам организмінде белсендіріледі.
А витамині (аксерофтол) – сырт көрініс сары май түсті. А витамині жетіспегенде “ соқыр тауық” деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. А витамині балық майында, сәбізде, жұмыртқада кездеседі.
В1 витамині (тиамин). Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Бұл витамин жеткіліксіз болғанда “ бери-бери” (аяғын сүйретіп басу) немесе полиневрит деген сырқатқа ұшырайды. Бидайдың қабығында , қабығы аршылмаған күріште, бауыр, бүйрек, жүрек еттерінде болады.
В2 витамині (рибофлавин) – сары түсті кристалл зат. Авитаминоз кезінде адамның көзі ауырып, катаракта, анемия, өкпе сырқаты, әлсіздік байқалады. Рибофлавин жануар текті тамақта көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 2-3 мг.
В6 витамині (пиридоксин) тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады да зат алмасуға қатысады. Пиридоксин бауырда, етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 1,5 мг.
В12 витамині (цианокоболамин) – антианемиялық витамин деп те атайды. Себебі В12 витаминінің жетіспеуінен
қаназдық пайда болады. Бұл витамин қызылшада, анарда бауырда көп кездеседі. Тәуліктік қажет мөлшері 10-20 мкг.
С витамині (аскорбин қышқылы). Бұл витамин жетіспесе қырқұлақ (цинга) ауруы пайда болады. Қантамырларының серпімділігі төмендегендігенен қырқұлақпен ауырған адам қансырайды, қызыл иегі қанағыш келеді, иммунитет төмендейді. Аскорбин қышқылы көкөністерде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.
Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балаларда кальцийдің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып борпылдақ болады, дене салмағын көтере алмай аяқ сүйектері қисаяды.
Д витамині ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді. Сондықтан балаларды қыстың күні болса да дала шығару керек.
Д витамині сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет