Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет29/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

Ішектегі асқорыту. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы химус деп аталады. Химус қарыннан 12 елі ішекке (ұлтабарға) өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұ лтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді моносахаридтерге ыдырататын ферменттер. Трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге ыдыратады.
Сонымен қатар, ұлтабардың өз бездері де сөл бөледі.
Ұ лтабардан ас қоймалжыңы ащы ішекке өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза және т.б ферменттер болады. Ащы ішектің қабырғасында ас қоймалжыңы одан әрі ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Астың сіңуі ащы ішектің ішкі қабатындағы микробүрлер арқылы іске асады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлер бұлшық еттен және қан мен лимфа тамырынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде ыдыраған ас «насоспен» сорылғандай қан мен лимфаға сіңеді (белок пен көмірсу қанға, ал май лимфаға сіңеді.)
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су қанға сіңеді, ал жоғарыда сіңбеген ас қалдығы тоқ ішектегі бактериялардың әсерінен шіріп нәжіске айналады. Одан пайда болған улы заттар (индол, скатол, фенол және т.б.) қанға сіңеді. Тоқ ішектен шыққан қантамырлары бауырға барып, улы заттар усыздандырылады.
Тоқ ішектегі бактериялардың тағы бір қызметі өсімдік тағамдарының клетчаткаларын ыдырату арқылы тоқ ішектің қабырғасын тітіркендіріп, оның жиырылуын жиілетеді. Соның нәтижесінде нәжістің сыртқа шығарылуы жеңілдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет