Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет30/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Ішек-қарынның моторикасы (қозғалысы). Ішек-қарын үш қабаттан тұрады: сыртқы – сілемейлі, ортаңғы – бұлшық етті, ішкі – шырышты. Асқорыту мүшелерінде ас бұлшық етті қабаттың жиырылуы нәтижесінде жылжиды. Бұлшық етті қабат екі түрлі жиырылады: 1) маятник тәрізді; 2) перистальтикалық.
Маятник тәрізді жиырылғанда ас қоймалжыңы асқорыту сөлімен араласады, ал перистальтикалық жиырылғанда ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді.
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейдің бөлінуі рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ш айнау барысында ас ауыз қуысындағы тілде, ұртта, еріннің ішкі жағында орналасқан рецепторларды тітіркендіреді. Соның нәтижесінде пайда болған қозу тіл-жұтқыншақ пен бет жүйкелерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол эфференттік жүйкелер арқылы сілекей бездеріне барады да, сілекей шығару рефлексі іске қосылады.
Сілекей тамақты көргенде, оның исін сезгенде, астың атын айтып әңгімелегенде де бөлінеді. Бұл И.П.Павлов анықтағандай сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс бұрын көрген, жеген, исін сезген тамақты пайдаланғанда пайда болады.
Қарын бездерінің қызметінің реттелуі. Қарын сөлінің өндірілуінде 3 кезең байқалады: 1) күрделі рефлекторлы; 2) қарындық; 3) ішектік. Бірінші кезең ас қарынға түсер алдындағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде пайда болады. Екінші кезең ас қоймалжыңының түйірлері мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын қабырғасын тітіркендіруіне байланысты туады.
Қарын бездерінің қызметін қарын қабырғасында түзілетін гастрин мен гастрон гормондары реттейді. Гастрин қанға сіңіп гуморальды жолмен қарын бездерін қоздырады. Гастрин пайда болғанда тұз қышқылының өндірілуі тежеледі. Ал гастрон қарын бездерінің қызметін тежейді.
3 кезең (ішектік) қанға қоздырғыш гормон энтерогастриннің сіңуінен басталады, ал
энтреогастрон оны тежейді.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғары орталық – мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бұзылуы тойымсыздықты тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орны – ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импулсьтері келіп отырады.
Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.
Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жасөспірімдер организмінде ассимляция диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады.
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады.
Белоктың алмасуы
Дене салмағының 25% белок құрайды. Белок екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі белок деп. Қарапайым белоктың құрамында төрт зат: оттегі, сутегі, көміртегі, азот болады. Ал күрделі белоктың құрамында бұл төрт заттан басқа күкірт, фосфор,темір т.б. болады.
Белок мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. 20 амин қышқылдары бар. Оларды орны толатын (таптыратын) және орны толмайтын (таптырмайтын) амин қышқылдары деп ажыратады. Орны толмайтын амин қышқылдары (10 амин қышқылы) организмде өндірілмейді, организмге олар тамақпен бірге түседі. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин, гистидин жатады.
Белоктың қызметі: - биологиялық катлизатор – ферменттердің негізі болып саналады;
транспорттық қызмет (гемоглобин оттегі мен көміртегіні тасымалдайды);
-жиырылу қызметі (бұлшық еттің құрамындағы актин және миозин белоктары);
-құрылыс материалы (клеткалар құрамының негізі).
Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.
Белоктың қажет мөлшері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет