Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Тақыры: Баланың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары Мектеп оқушыларының даму физиологиясы



бет26/48
Дата19.10.2023
өлшемі158,14 Kb.
#119186
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Дәріс Физиология 23-2

Қол сүйектері тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады.
Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.
Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталады.
Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектерін – сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды.
Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18- 20 жаста өсуін тоқтатады.
Асықты жілік пен шыбығы қыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болу керек.
Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Бұлшық еттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшық еттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшық еттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшық ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшық ет бар.
Бұлшық еттердің қызметі – жиырылу. Бұлшық еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздыруынан болады. Бұлшық еттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшық еттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.
Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.
Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшық еттердің дамуы 25-30жасқа дейін байқалады.
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қаб ілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет