Мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының республикалық жарыстарына қатысушыларға арналған ақпарат



бет2/4
Дата07.01.2023
өлшемі69 Kb.
#60561
1   2   3   4
Байланысты:
« ылыми ж мыстар а ойылатын талаптар»

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ
Кезеңдер:
1.Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.
2.Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
3.Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.


Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ


Зерттеу тақырыбы_______________________________
Оқушының Т. А.________________________________
Мектеп, сынып _________________________________
Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________
Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:





Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ескерту













Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
4.Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:


5.1. Ғылыми жобада:
- бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
-теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
-пайдаланған әдебиеттер тізімі;
-қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет