2.2.Мектеп құқығы: -оқу тәрбие процесінде оқу сапасына, тәрбиесі мен денсаулығына зиянсыз деп табылған жағдайда тәжірибелер жүргізу;
-ата-аналардан мектептің нормативтік заңдылықтарын сақтауды талап ету;
-ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген ата-аналардың (заңды өкілінің) міндетінің орындалуын талап ету;
-мектеп тәртібін бұзып,қылмыспен құқықбұзушылықтарға жолберген оқушыны мектепішілік есепке алу,ІІБ-не есепке қою;
-Білім алушылардан мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай мектеп формасын талап ету құқығына ие:
-білім алушылардан мектепке үшкір заттар (пышақ, біз тб) мен электронды заттар мен ұялы байланыс телефондарын мектепке әкелмеуін талап етуге құқылы.
2.3.Ата-аналардың (оларды алмастырушылардың) құқықтары: -оқу түрін таңдауға, баланың ерекшелігін ескере отырып, білім беру ұйымдарын таңдауға;
-өзін-өзібасқару органына араласуға;
-бала тәрбиесіне қатысты ұысыныстар жасауға;
-білім алушының жан-жақты дамуы,оқу мен тәрбиелеу үшін қажетті жағдай туғызуын, балаға сыйластықпен қарауды талап етуге;
-мектеп және оның қызметі жайлы мәліметтер алуға;
-ата-аналармен келісім шарттарының орындалуын талап етуге;
-білім алушының мұғалімге, педагогикалық Кеңеске,директорға және директордың орынбасарларына келіспеушілікті шешу үшін жүгінуге;
-білім алушылардың заңды өкілдері ата-аналар Кеңесін құруға, мектептің басқа да қоғамдық құрылымына сайлау және сайлануға;
-мектептің жұмыс тәртібін белгілейтін құжаттарды құрып, қабылдауға және мектеп жұмысын басқаруға қатысуға;
-оқу процесімен танысу және пікір айту, мектеп әкімшілігі және мұғалімнің рұқсатымен сабаққа, сынаққа емтиханға және тб қатысуға;
-өз нанымы бойынша оқушыға адамгершілік тәрбие беруге;
-баланың құқықтарын қорғау, жеке және заңды тұлғаларалдында сөйлеуге құқылы;
2.4.Ата-аналардың (оларды алмастырушылардың) міндеттері; -ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының Жарғысында белгіленген ережелерді және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және орындауға;
-білім алушының ауырып немесе басқа себептермен келе алмайтындығы туралы мұғалімге уақытылы хабарлауға;
-бастауыш сынып оқушыларын сабаққа және сабақтан кейін ата-ананың (заңды өкілін) жетегімен келіп-кетуін қамтамасыз етуге;
-білім алушы кінәсінен мектепке келтірілген зияны үшін материалды жауапты болуға;
-мектепте оқушылардың шаш үлгісінің талапқа сай болуы,бағалы заттар, ұялы телефон ұстамауға және білім алушылардың бірыңғай мектеп формасын киюін қадағалауға;
-білім алушылардың заңды өкілдері немесе оны алмастыратын азаматтар жалпы мектепішілік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысуға;
-сынып жетекшісіне және педагог психологке оқушының мінез-құлқындағы өзгерістер,психологиялық ерекшелігі,денсаулығы, басқа да себептері туралы хабар беруге;
-оқушының үйде демалуына ,сабақ оқуына, білім алуы үшін қажетті жағдай жасауға және мектепке таза киіндіріп жіберуге;
-оқушының кешкі мезгілдерде тойханаларда жұмыс істемеуіне,сауықтыру, ойын сауық орталықтары мен кафелерде жүрмеуін бақылауға;
-оқушылардың түрлі ағымдағы діни ұйымдарға қосылып кетпеуін қадағалап, бақылау және мектеп әкімшілігіне хабарлауға;
-мектептің білім беру процесіне көмек көрсету,мектеп беделін өсіру, мектеп мүддесін қолдауға, сыйластық және мәдениеттілік танытуға;
-мектепте оқушының бөгде заттар (өткір,жеңіл тұтынатын және жарылыш заттар және тб) әкелуге тиым салуға;
-сабақтан тыс демалыс күндері, (сенбі) тоқсан аяғындағы жазғы демалыс (каникул) уақытында оқушының өмір қауіпсіздігіне жауап беруге;
-мектепте,сабақ кезінде,сабақ үрдісіне зиян тигізбей сыныптастарына және ұстазға деген сыйластық құрметін арттыруды түсіндіруге міндетті.