Мектеп психологиясы


Мектеп психологы құқықтары мен міндеттері



бет4/4
Дата14.10.2022
өлшемі1,41 Mb.
#43015
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
Мектеп психологиясы

Мектеп психологы құқықтары мен міндеттері
Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:
  • Әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
  • Білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
  • -Білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
  • білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
  • Балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;

  • мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;
  • Үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық — педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
  • Білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
  • Білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Мектеп психологының міндеттері
Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау
Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.
«Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.
Жеткіншектермен жұмыс.
Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.
Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру
Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
Оқушының танымдық қабілетін арттыру.
Мамандық таңдауға көмек.
Мектеп психологының құқықтары
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет