Балалардың барлығы жаттығуларды бірдей қарқынмен және әрқайсысы жеке ырғақпен бірлесіп орындауы үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау.
Ептілік, шыдамдылық, тепе-теңдік қалпын сақтауды қажет ететін қимылдарды орындауға жағдай туғызу.
Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру ойындарына қатысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.
Дененің бір жақ жартысы қатысатын қолдың, аяқтың, қолдың білегі, аяқ саусақтарының қимылдарын қамтамасыз ету.
Дене бітімін дұрыс ұстау, тепе-теңдік қалпын сақтау, сапта тұрғанда өз орнын табу және қимылдың мәнерлілігін, иілімділігін, билеу, еркін жүру және жүгіруді дамыта отырып, дененің барлық бөліктері қимылдайтын би және басқа жаттығу түрлеріне үйрету.