«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет403/403
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#12510
түріБағдарламасы
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   403
Байланысты:
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Рефлексивті – түзетушілік

Саңырауқұлақтарды себетке жинау.

Балалардың өз жұмыстарының нәтижесіне пікірлері.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- саңырауқұлақ жасау әдістері.

Нені игереді:

- ермексазды ұқыпты қолдану дағдысы.

Нені біледі:

- ермексазды алақан арасына салып ырғақты домалату.

ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу
Тақырыбы: «Алуан түрлі сиқырлы шарлар»

Мақсаты: Балаларға белгілі пішіндегі заттардың суретін салу тәсілдері мен өз сезімі мен көңіл күйін білдіре алуға үйрету.

Қостілділік компонент: қызыл — красный

көк – синий


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сайқымазақ балаларға алуан түрлі шарлар алып келеді.

Балалар өз қызығушылықтарын танытып, белсенділіктері арта түседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

Шарлармен ойын ұйымдастыру. Дөңгелек пішіндерді салу тәсілдерін көрсету.

Балалар ойындарға қатысып, шарлардың суретін салады.

Өздерінің көңіл күйлері мен сезімдері туралы әңгімелеп береді

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, басқаларға көрсету.

Өздері жасаған жұмыстарының нәтижесіне қуану.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- дөңгелек пішіндес заттарды салудың тәсілдері.

Нені игереді:

- қылқаламмен сурет сала білу.

Нені біледі:

- бояуды пайдалана білу.


ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін әңгімелеп айту

Мақсаты: балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жан құбылысын сезінуге, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Қостілділік компонент: қасқыр – волк

ешкі – коза

үй – дом


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші Перизат болып, сиқырлы таяқшасының көмегімен балаларды ертегілер еліне саяхатқа апарады, таныстырады.

Балалар Перизаттың хабарламасын зейін қойып тыңдап, қызығушылығы мен белсенділіктері артады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ертегілер айту

«Біз орманда келе жатырмыз»

сергіту жаттығуы.

Ертегі мазмұны бойынша балалармен әңгімелесу.

Балалар ертегі тыңдайды.

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап, дауыстарын құбылтып сөйлейді. Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті - түзетушілік

Сиқырлы таяқшаның көмегімен ертегілер елінен топқа қайта оралу.

Ертегі мазмұнын айтады. Адамгершілік ұғымдары туралы түсініктерін жеткізеді.

Суреттер қарайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атаулары.

Нені игереді:

- халық ауыз әдебиетінің туындыларын тындауға деген қызығушылығы артады.

Нені біледі:

- шығарманы зейін қойып тыңдап, ондағы кейіпкерлердің күйін сезінеді.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Үш аюға қонаққа барамыз»

Мақсаты: балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру (көлем); геометриялық прогрессия ретімен орналастыру.

Қостілділік компонент: аю – медведь

үлкен – большой

кішкентай – маленький

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертегіні сахналау (қуыршақтарды қолданып).

Қонаққа шақыру.

Балаларда әсерлі-жағымды пікір мен қызығушылық пайда болады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жиһаздар мен ыдыс-аяқтар, олардың көлемі (үлкен, орташа, кішкентай) мен неге арналғанын атауға бағытталған ойындар ұйымдастыру.

Құрылыс материалдарынан үй құрастыру.

Геометриялық пішіндерді өсу және кему ретімен орналастыру.

Балалар ойынға қатысып, жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды тауып, олардың көлемін атайды

Текшелерден үй құрастырады
Геометриялық пішіндерді орналастырып, неге бұлай орналастырғанын түсіндіреді

Рефлексивті – түзетушілік

Аюлардың орманнан теріп әкелген жидектерінен (қарақат) ауыз тиюді ұсынады

Жидектен ауыз тиіп, аюлардың сыйына алғыс білдіреді, қарақат жидегінің дәмі туралы айтады


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- математикалық көлемдер (үлкен, орташа, кішкентай).

Нені игереді:

- салыстыру дағдыларын.

Нені біледі:

- геометриялық пішіндерді өсу және кему ретімен орналастыру.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту
Тақырыбы: «Сиқырлы қобдиша»

Мақсаты: Балаларға ойыншықтарды (2-3 ойыншық) сипаттайтын шағын әңгімелерді құрастыру барысында байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қостілділік компонент: кірпі –ежик

ойыншық – игрушка

алма – яблоко


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сиқырлы қобдишасымен қонаққа келген мейірімді қариямен амандасу.

Балалар қонақты қарсы алуға дайындалады. Онымен сәлемдесу жолдарын ойластырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Қобдишаның кілтін іздеу ойынын ұйымдастыру (топта кеңістікті бағдарлау).

Кірпі туралы жұмбақ жасыру.

Екі кірпіні (пластмассалық және жұмсақ) салыстыру.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.

Жұмбақтар шешеді.
Сын есімдерді қолдану арқылы ойыншықтарды салыстыру.

Рефлексивті – түзетушілік

Кірпіге сыйлық ретінде алманың суретін салуды ұсыну.

Кірпілерге арнап алманың суретін салады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- түс, пішін, қасиеті, мөлшер.

Нені игереді:

- сын есімді ажыратуды.

Нені біледі:

- ойыншықтарды сипаттау, екі ойыншықты салыстыру.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы

Экология негіздері
Тақырыбы: «Бақша сыйы. Көкөністер»

Мақсаты: балаларда көкөністерге тән белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорларын толықтыру.

Қостілділік компонент: көкөністер - овощи

пияз - лук

сәбіз-морковь

шалқан - репа

қызанақ-помидор

қияр - огурец


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қоянның «Сиқырлы себеті».

Балалар қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Сиқырлы себет» ғажайып сәті.


«Тауып ал да, көрсет», ойын-жаттығуы.
«Ғажайып қалта» дидактикалық ойыны.

«Дәміне қарай көкөністі ата» ойын-жаттығуы.

Балалар себеттегі көкөністердің түсіне, көлеміне назар аудара отырып, олардың аттарын атайды.

Көкөністердің арасынан аталған көкөністі тауып алады.

Көкөністерді сипап сезу арқылы анықтап, атын атайды.

Бала көзін жұмып, көкөністің дәмін татып, атын атайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Қоянның қиялдан шығарған көкөністер салатын балаларға ұсынуды ұйымдастыру.

Балалар сүйсініп жеп, қоянға алғысын білдіреді



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- көкөністердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын білу және оларды атау.

Нені игереді:

- көкөністер туралы жалпы ұғымдар: сәбіз, қияр, қызанақ, шалқан, пияз (көкөністердің басқа да түрлерін алуға болады).

Нені біледі:

- көкөністерді атына, дәміне, түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажырату.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу

Тақырыбы: «Су тамшылары»

Мақсаты: балаларды қалыптан тыс түрде сурет салу тәсілдеріне үйрету. Сурет салу барысында өзінің сезімі мен жан құбылысын білдіре білуге үйрету.

Қостілділік компонент: сувода

тамшы - капелька

саусақтар - пальчики


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Е. Өтетілеуовтің «Жаңбыр» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Балалар өздерінің сезімдері мен қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сумен ойын ұйымдастыру — тамшы жасау.

Қалыптан тыс түрде сурет салу тәсілін көрсету.

Балалар тамшының «тырс-тырс» еткен дыбысын шығарып, су тамшыларымен ойнау ойынына қатысады.

Сия тамшысы дағының суретін салады, көңіл күйін білдіреді.

Жасаған бейнелері және көңіл күйлері, сезімдері туралы әңгімелейді.

Рефлексивті – түзетушілік

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыруды ұсыну.

«Су тамшыларын» қимылмен көрсету.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- «кляксография» тәсілін қолданып, сурет салу.

Нені игереді:

- ұжымда жұмыс жасауды.

Нені біледі:

- гуашьты қолдану тәсілдері.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Қатынас» «Таным» білім беру салалары

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Орман алаңқайына саяхат»

Бөлім: «Математика», «Көркем әдебиет»

Мақсаты: балаларда халық ауыз әдебиетінің шығармаларын эмоционалды қабылдауы мен «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.

Қостілділік компонент: бір - один

қоян – заяц

тиін - белка

кірпі - еж


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Сиқырлы қолшатырдың» пайда болуы.

Балалар өздерін орман алаңқайында отырғандай сезінеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Сиқырлы қолшатырдың пайда болуы» ғажайып сәті.
Орман алаңқайына саяхат.

Орман алаңқайына аялдау (саңырауқұлақ теру, «көп», «бір» түсініктері).

Кірпі және тиінмен кездесу («көп», «бір» түсініктері).

«Ақ қоян» ойыны.
«Санамақ» саусақ ойыны: «Бес саусақ», «Он саусақ» өлеңдерін оқиды.

«Көп», «бір» түсініктерін бекіту.

Олар сиқырлы қолшатырды көріп қызыға қарайды, қуанады.

Орман алаңқайына сиысып отырады.


Ойша жануарлармен кездеседі.
Ойын ережелерін сақтап, талаптарын орындайды.

Тақпақты зейін қойып тыңдайды, санамақтарды қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті – түзетушілік

«Сиқырлы қолшатырдың» көмегімен топқа қайту.

Балалар ойын кейіпкерлерімен қоштасып, әсерлі сезімдерін білдіреді


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- тақпақтардың мазмұнын;

- «бір», «көп» түсініктері.

Нені игереді:

- өлең жолдары мен ойын қимылдары арасындағы байланыс, ойыншықтар мен заттардың «бір», «көп» болатыны туралы ұғымдар.

Нені біледі:

- тақпақтарды әсерлі сезіну, заттардың тобынан бір затты бөліп алу, заттардың тобын құру.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ»

Мақсаты: балаларда табиғаттағы қарапайым байланыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: күз - осень


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға қонаққа Орманшы атай келеді.


Орманшы атайдың келгеніне балалар қуанады, онымен қарым-қатынас жасауда белсенділік қөрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Шырша жыры».

Ағаштар туралы жұмбақтар.

Ағаштар туралы суреттер көрсету.

Ағаштар туралы тәрбиешінің әңгімелері.

Қайың мен шыршаның суреттерін көрсету.

Музыка әуені қосылады.

Қол ұстасып шеңбер құрып, ән айту.

«Күзгі жапырақтар», «Ұқсас жапырақты тап» ойындарын ойнайды.

Күзгі жапырақтар тізбегін жинайды.
Балаларға арналған кітаптардан суреттер қарайды

Е. Өтетілеуовтің «Күз жомарт» әнін тыңдау.

Ж. Қалжанованың «Күз келгенде» әнін айту.

Рефлексивті – түзетушілік

Орманшы атай балалармен қоштасады.

Балалардың ойын кейіпкерлерімен қоштасуы, әсерлі сезімдерін білдіруі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- айналадағы ағаштар: шырша, үйеңкі, қайың, шетен, терек; ағаштардың ерекшеліктері: діңі, бұтағы, жапырақтары, тікенектері.

Нені игереді:

- күз құбылыстары туралы түсінік: жапырақтардың түсуі, күннің салқындауы.

Нені біледі:

- ағаштарды жапырақтарына және түсіне қарай ажырату.


Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әжем қонаққа келді» (Әжеге шай беру)

Мақсаты: балаларда шайға арналған ыдыстар, олардың неге арналғандығы жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

Қостілділік компонент: әже -бабушка

шай -чай

ыдыс – посуда


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ермектің әжесі бүгін қонаққа келетінін хабарлау.


Балалар әжеге шай беру ниеттері мен дайындыққа қызығушылықта

рын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Шай дастарханын жаямыз» ойынын ұйымдастыру.

«Жаңа сөз ойлап тап» ойын- жаттығуы.


«Әжем қонаққа келді» ғажайып сәті.

«Қайнаған шайнектің дыбысы»

ойын-жаттығуы.

«Шәй демдейміз» ойынын ұйымдастыру.

Шайға арналған ыдыстарды, олардың бөліктерін атай отырып, дастархан дайындайды.

Жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасайды. Мысалы: шай+нек=шайнек, сүт құй+ғыш=сүт құйғыш.

Балалар әженің келгеніне қуанып, онымен сәлемдесіп, дастархан басына шақырады (мәдениеттілік пен әдеп).

Шайнектің қайнаған дыбысына салып, уілдейді (у-у-у).

Шайнекке шай салып, қайнаған, ыстық су құйып, шай демдейді. Сосын оған сүт, қант қосады. Әжеге ұсынады.

Рефлексивті – түзетушілік

Әжемен, балалармен және тәрбиешімен бірге шай ішуді ұйымдастыру.

Балалар шай ішіп, әжеге құрмет көрсетеді, бәрінің көңілі көтеріңкі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- шайға арналған ыдыс-аяқтар мен олардың бөліктерін біледі, аттарын атайды. Қызметі мен қолданылуын біледі. Қонақ қабылдау әдебі.

Нені игереді:

- жұрнақтардың көмегімен сөзден сөз тудыру: шайнек, құйғыш.

Нені біледі:

- қонақасы мен шай демдеу кезеңдерін атап, даярлау және көрсету;

- ойын жағдайына айналдыру (құманға шай салып, үстінен ыстық су құю, шайға сүт немесе қаймақ қосып, қонақтарға ұсыну); «У» дыбысын бір деммен ұзақ әрі бірқалыпты айту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   403




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет