Тақырыбы: «Жабайы жануарлар қысқа қалай дайындалады?»
(жабайы жануарлардың суреттерін қарау)
Мақсаты: Тірі және өлі табиғаттың өзара іс-әрекеттестігі, табиғат өзгерістерінің жануарлар өміріне әсері туралы көзқарасын кеңейту.
Орманды мекендейтін жабайы жануарлардың (қасқыр, аю, қоян, түлкі) өмірі туралы білімін байыту. Балаларға жабайы жануарлардың қыс мезгіліне қалай дайындалатындығы («тері» түсін өзгертуі, індерін және апандарын дайындауы) туралы түсінік беру.
1
6
Тақырыбы: «Сумен танысу»(практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Судың қасиеттерімен (құйылады, төгіледі және т.б.) таныстыру, адамға, жануарларға, өсімдіктерге судың қажет екендігі туралы балаларға түсінік беру. Балаларды – судың мұзға және мұздың суға айналу қасиетімен таныстыру (суды серуенге алып шығу, содан кейін мұзды жылы жерге алып келу). «Сиқырлы губка» жаттығу ойыны.
Қарапайым тәжірибелер процесінде танымдық белсенділікті дамыту.