Мақсаты: Қоршаған ортаның заттары мен олардың қасиеттері, құрамы және қолданысқа сай болуы туралы балалардың түсінігін жалпылау және жүйелеу. Жақын ортадан заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, бірнеше сенсорлы қасиеттеріне байланысты топтастыра білуін дамыту. Заттарды іс-әрекеттерімен атай білуін бекіту. Заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (ойыншықтар). Ойыншықтарды сақтау ережелерін, заттарға деген қамқорлық қарым -қатынас дағдыларын қалыптастыру.