Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы 1 м, қатардың арақашықтығы 6 м). Допты еденге соғу және қағып алу.
Мақсаты: Заттардың арасынан бағытты өзгерте отырып және заттарға тиіп кетпей еңбектеуге үйрету. Допты секіргеннен кейін екі жағынан бірдей қолдарының қимылдарын еркін және бос ұстап қағып ала білуін бекіту.
Ойын: «Біз көңілді балалармыз»
Өзінің орнын жылдам тауып, шеңбермен жүре білу.
1
26
Негізгі қимылдар:
Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы1 м, қатардың арақашықтығы 6 м).
Мақсаты: Нық тепе-теңдікті сақтап, гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындап жүруге үйрету. Заттардың арасынан алақан және табанмен еңбектеуде заттарға тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту.
Ойын:«Балапандар».
Өздерінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру.