Саптізбекте жұптасып жүру және жүгіру. Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру.
Мақсаты: Қажетті жерде аяқтың итерілу екпінін: тым алыс емес және затқа тым жақындамай орындауды үйрету. Жұптасып ырғақпен және жеңіл жүру мен жүгіре білуді бекіту. Жіп бойымен жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтауға және дене бітімін тік ұстауға жаттықтыру.
4 адымдап қос аяқпен жоғарыға секіру. Саптізбекте бағытты ауыстыра жүру.
Мақсаты: Допты еденге ұрып жоғары лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алу. 4 адымдап қос аяқпен жоғарыға секіруде итерілуді орындауда қол мен аяқтың жұмысын үйлестіру.