Тұру қалпында қос қолымен допты басынан асыра лақтыру.
Мақсаты: Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан еңбектеуге үйрету, қол мен аяқтың жұмыстарын координациялау. Доп ұстаған қолын бастың артына қарай апару, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.
Еденге салынған қабырғалы тақтай бойымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 м). Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан еңбектеу. Еденде салынған тақтай бойымен қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Аяқтың өкшесінен аяқтың ұшына ауысуды орындауды, қабырғалы тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтауды үйрету (майтабанға алдан-ала емдеу). Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан оларға тиіп кетпей еңбектеу, еңбектеуде бағытты солға-оңға жылдам ауыстыра білуін бекіту. Шектелген алаң бойымен қос аяқпен секіруге жаттықтыру.