Тізені жоғары көтеріп жүруді жылдам қарқында жүгірумен (арақашықтығы20 м) кезектестіру. Тұру қалпында қос қолымен допты бастан асыра лақтыру.
Мақсаты: Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіруді, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсуін үйрету. Жылдам жүгіруде денесін дұрыс ұстау: қимылдауға байланысты денені аздап еңкейту, иықтарын босаңдау ұстау, алға қарау, жүгіру мен жүруді кезектестіре білуді бекіту. Допты алысқа лақтыруға жаттығу, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.