Ұсыныстар: дәйексөзге «сүйіспеншілік» құндылығы көрініс беретін қанатты сөздерді таңдау керек. Дәйексөзбен жұмысты ұйымдастыру жүйесі жеке немесе жұптық және топтық жұмыспен үйлестіруді қамтиды.
Төмендегідей тапсырмалар беруге болады:
Дәйексөздің түйінді сөздерін анықтаңыздар.
Дәйексөздің мазмұны бойынша Блум түймедағы бойынша сұрақтар құраңыздар. «Алты жапырақша – алты сұрақ түрлері»;
Дәйексөзді оқығанда сіздерде қандай пайымдаулар туындады?
Дәйексөздегі негізгі ой қандай?
Дәйексөбен жұмысты ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы сөзді дұрыс орналастырып, дәйексөзді құрау және т.б.