Лекцияның мақсаты:: Консулдық мекеменің құрылымы және ұйымдастыру барысы туралы мағлұмат беру



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,51 Kb.
#71824
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тақырып 6



Тақырып 6. Консулдық қызмет және оның функциялары 
Лекция жоспары
6.1 Консулдық қызмет дипломатиялық қызметтің негізгі құрамдас бөлігі ретінде
6.2 Консулдық мекеме ұғымы және оның түрлері. 
6.3 Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
6.4 Консулдық округ. Консулдық корпус. Дуайен. 
Лекцияның мақсаты::
Консулдық мекеменің құрылымы және ұйымдастыру барысы туралы мағлұмат беру. 
Лекция тезистері: 
Консулдық қызмет туралы айту үшін ең алдымен «консул» сөзі шығу тегі мен бүгінгі 
консулдық міндет пен функцияларға ұқсас қызметті бұрын кімдер атқарған соған тоқталып 
өткен жөн.
Консулдық институт тұрақты елшіліктен бұрын құл иеленуші дәуірде пайда болған. 
Консулдық институттың отаны ретінде саясаты мен сауда-саттық қарым-қатынасы әлемдік 
масштабта өрбіген Греция мен Римді айтуға болады. Бүгінгі консулдық институттың міндет 
пен функцияларға ұқсас қызмет Ежелгі Грецияда «проксения», яғни қонақжайлылық 
көрсету арқылы жүзеге асқан. Шетелдіктер өздерінің мүдделерін қорғайтын қаланың 
атақты адамдары - проксенийлердің қамқорлығына кірген, ал проксенийлер өз кезегінде 
келген шетелдіктердің мүддесін қорғауды өзінің міндетіне алған. Ежелгі Грецияда 78 полис 
проксений қызметін пайдаланған. 
Ежелгі Римде Грециядағы проксений қызметін преторлар атқарған. Ежелгі құл 
иеленуші Римдегі преторлар мен Грециядағы проксенийлер бүгінгі күнгі консулдық 
функцияға ұқсас кейбір қызметтер көрсеткен. Мысалға, өз елінің азаматтарының 
мүдделерін қорғау, оларға жан-жақты көмек көрсету дегендей.
Ал консул деген сөздің ұғымын негізінен ежелгі Рим императорының 
консулдарынан тарқытып айтсақ болады. Консул (consules, қысқаша coss.) ежелгі латын 
тілінен аударғанда туған жері мен мемлекетінің, халқының қамын ойлаушы. Ежелгі Римде 
консулдар жоғары лауазымды қызмет атқарып, өздерін сайлаған халықтың(патриций мен 
плебей) атынан сөйлеген. Бірақ «консул» сөзі атқарған міндетіне қарай уақыт өте келе 
көптеген өзгерістерге, трансформацияға ұшыраған. Консул сөзінің бүгінгі мағынасына 
жақын қызмет атқаруы ортағасырлық Еуропада қала-республикаларда қала мэрі, ректоры 
не болмаса қала кеңесінің консул (латынша мағынасы «кеңес адамы») тағайындау 
құқығымен ұштастыруға болады. Консулдар қала-мемлекетті басқаруға қатысты әртүрлі 
бағытта кеңес беріп отырған.(яғни бүгінгі орыс тіліндегі «консультация» деген сөздің 
түбірінің шығу тегіне жақын ұғым сол кезде қалыптаса бастаған). Бұл консулдарға кей 
кездерде дипломатиялық функциялар да жүктелді. Әрине, ол кездегі консулмен бүгінгі 
консулдық қызмет ұғымының арасында жер мен көктей айырмашылық бар.
Тарихта консулдық институттың дамуын көбіне сауданың өрбуімен, Еуропа сауда 
колонияларының құрылуымен және теңіз сауда жолдарының артуымен байланыстыруға 
болады. Жаңа құрылықтар туралы Еуропалықтарды қажетті ақпаратпен, мәліметтермен 
қамтамасыз етіп отырған адамдар уақыт өте келе консул сипатын ала бастады, яғни өз 
мемлекетіне сауда байланыстары туралы «ақыл-кеңес», «бағыт-бағдар» беріп отырған. 
Консулдар біраз уақыт бойы басқа елдің аумағында отандас көпестер мен жеке тұлғаларға, 
мекемелерге көмек беруге мемлекет тарапынан сайланған немесе тағайындалған 
кеңесшілер мен көмекшілер ретінде қаралып келді. Сауда-саттыққа қатысты дау-дамайды 
шешуші тұлға ретінде қызмет көрсетті. Олар ол кезде көп уақыт бойы мемлекеттің мүддесін 
қорғаушы ретінде қарастырылмады. Ежелгі дүние және ортағасырлық консулдық қарым-
қатынас консулдық қызметтің халықаралық дәстүрінің негізін қалыптастырды. 12-13 


ғасырларда пайдалана басталған екі жақты келісім шарттар консулдық қарым-қатынаста әлі 
де маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
XVI ғасырда консулдардың ролі мемлекетаралық қарым-қатынаста төмендейді. Бұл 
негізінен екі нәрсеге байланысты болды. 1) тұрақты дипломатиялық өкілдіктер барған 
сайын көбейе бастады, 2) шетелдік саудагерлерге қатысты юрисдикция тұрып жатқан 
мемлекеттің қарауына берілді. Бұл екі жағдай Еуропада ұлттық мемлекеттердің пайда 
болуымен тікелей байланысты. Мысалға, Франция мен Голландия арасындағы 1739 жылғы 
келісім-шартта «бұндай былай келешекте ешқандай да консул ешбір тарап жағынан 
қабылданбайды» делінген. Бірақ саяси және өкілеттік мәселелермен шұғылданған 
дипломатиялық өкілдіктердің мемлекеттің сауда-саттық мүддесін өз дәрежесінде қорғай 
алмайтындығы анықталды. Нәтижеде, XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап 
мемлекеттер консулдық институттың қызметіне жүгіне бастайды. Консулдық институттың 
дамуында жаңа кезең басталады. Арнайы консулдық келісмдер мен конвенциялар 
қабылданып, консулдық функциялар, иммунитеттер мен артықшылықтар нақтыла 
бастайды. Консулдық мәселелерге қатысты алғашқы халықаралық құқықи құжат франко-
испан консулдық конвенциясы 13 наурыз 1769 жылы, 1788 жылы франко-американ 
консулдық конвенциясы қабылданды. Бұл консулдық конвенциялар консулдық құқықтың 
кодификациясындағы алғашқы қадам болып саналды. Консулдар бас консул, консул және 
вице-консул болып бөлінді. 
ХХ ғасырдың басында консулдардың санының ара түсуімен оларды штаттық және 
штаттан тыс деп бөлу бекітілді. Осы кезде аймақтық көпжақты консулдық конвенциялар 
қабылданды: 1911 жылғы консулдық функция туралы Каракас конвенциясы мен 1928 
жылғы консулдық шенеуніктер туралы Гавана конвенциясы. 
1933 жылы әлемде консулдық байланысқа қатысты 900-ден астам келісім жасалған. 
Осыған байланысты Ұлттар Лигасы шеңберінде консулдық құқықты бір ізділікке салу 
әркеті жасалады. Бірақ мемлекеттер арасындағы консулдық қызметке қатысты әртүрлі 
доктриналар мен көзқарастардың қайшылығынан ортақ мәмілеге келе алмады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін консулдық қызмет негізінен халықаралық 
жалпы құқық аясында дами бастайды. Халықаралық байланыс арта түсті. Бұл консулдық 
қызметте бірізділікті сақтауды талап етті. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 6 желтоқсан 1949 
жылы консулдық байланыс және иммунитет туралы конвенцияның жобасын жасау туралы 
резолюция қабылдайды. Халықаралық құқық комиссиясы 1960 жылы 65 баптан тұратын 
конвенция жобасын дайындайды. Нәтижеде 92 мемлекеттің өкілі қатысқан Наурыз 1963 
жылғы БҰҰ БА тарапынан ұйымдастырылған халықаралық конференцияда консулдық 
қызметті реттейтін әмбебап конвенция қабылданады. 
Қазіргі консулдық құқықта қатысушылар саны бойынша екі жақты және 
көпжақты(төрт көпжақты) консулдық конвенция қызмет етеді. Оның екеуі 1911 жылғы 
консулдық функция туралы Каракас конвенциясы мен 1928 жылғы консулдық шенеуніктер 
туралы Гавана конвенциясы аймақтық, 1967 жылы Парижде қол қойылған, консулдық 
функциялар туралы Еуропа конвенциясы, 24.04.1963 жылғы консулдық қарым-қатынас 
туралы Вена конвенциясы әмбебап (универсалды) болып отыр. Вена конвенциясы 1967 
жылдың 19 наурызында күшіне енген.
Консулдық қызмет халықаралық дәстүр және халықаралық келісім ұғымы негінде 
өрбіді. Осы екі ұғымның ішінде алдымен халықаралық дәстүрді назарға ала отырып 
консулдық қарым-қатынас жүзеге асады. Бүгінгі күні консулдық қызметтің міндеттері мен 
атқаратын функциялары біршама өзгергенмен түпкі мақсаты сақталып қалған деуге 
болады. 
1963 жылғы консулдық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясының ІV тарауының 
70 бабы дипломатиялық өкілдердің консулдық қызметті де атқара алатындығы туралы 
тоқталып өткен. 
1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясының 3 бабы 
консулдық қызметті атқаруға дипломатиялық өкілеттіліктерге құқық берген.


Консулдық органдардың мәртебесі, функциясы және құрамын және шетелдік 
консулдық мекемелердің жұмысын реттейтін ұлттық (мемлекеттік) заңнамалардың мәні 
зор. 
2000 жылдың 1 қаңтары бойынша консулдық қарым-қатынасты реттейтін 1963 Вена 
конвенциясын мойындап, қатысушылар саны 160 мемлекетті құрайды. 
Консулдық қызмет- дипломатиялық қызметтің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттің 
құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге негізділген, өзінің қызмет аясында өз елінің 
заңды және жеке тұлғаларының шетелдегі мүдделерін қорғайды. Консулдық қызмет саласы 
халықаралық, мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыс саласында маңызды роль 
атқарады 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет